Қазақстанда “жасыл облигация" түсінігі айналымға енеді 

Dalanews 01 авг. 2021 14:20 795

Қазақстанда «Жасыл экономиканы» дамыту саласында көптеген жобалар қолға алнып, жүзеге асуда. Бүгінде бұл сала әлемдік трендке айналып, әлем елдерінің назарын өзіне аударып отыр. ЕуроОдақ елдері жаңғармалы энергеия көздерін пайдаланып түрлі бұйымдар өндірген кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер мен субсидиялармен ұсынуды баяғыда бастап кетті. Мемлекеттік органдардың мұндай ынталандру шаралары өз нәтижесін беріп, жасыл экономиканың жандануына септігін тигізуде.

Әлемдік өркениеттің бір бөлшегіне айналған Қазақ елі де «жасыл экономиканы» дамытуға серпін беретін заңнамаларды қабылдап, заман көшінен қалмауға тырысу құптарлық жайт. Мұндай қолдау шаралары өз нәтижесін беріп, Алматы мен Ақмола облысында жел электр стансаларының бой көтергенін білеміз.

Бүгінде елімізде «жасыл экономиканы» дамытуда қаржылық ресурстардың қолжетімсіздігі үлкен қол байлау болып отырғаны жасырын емес. Осы ретте еліміздегі Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі нарыққа «жасыл облигация» терминін енгізуге күш салып жатыр.

Әр саланың өсіп-өркендеуі қаржыға келіп тірелетіні жасырын емес. Сондықтан Қазақстан дамыған Батыс елдеріндегідей жасыл экономиканы қаржыландыру ісін қолға алуы айтулы оқиға деп бағаласақ болады. Бұл бағыттағы жұмыстар елімізде жаңғармалы энергеия көздері мен табиғи таза өнім өндіру ісінің өркендеуіне жол ашатыны сөзсіз.

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің төраймы Мадина Әбілқасымова елімізде жасыл экономиканы қаржыландырудың құқықтық базасын қалыптастырудың маңызы зор екенін айтыпты.

– Жасы экономиканы қаржыландыру ісі Қазақстанда енді ғана қолға алынуда. Жалпы алғанда бұл бағыттағы жұмыстар дамыған елдерде қолға алынғанына көп бола қоймағанын ескерсек, бұл бағытта атқарылатын жұмыстардың ұшан-теңіз екенін байқауға болады. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында еліміздің заң шығарушы органы жаңа «Экологиялық кодексті» қабылдап, жаңа құжат 1 шілдеден бастап күшіне енген болатын. Осы жаңа кодексті жасыл экономиканы қаржыландыру мәселелері біршама қамтылған. Заңнамада «жасыл облигация», «жасыл несие» ұғымдарына кеңінен түсік беріліп, олардың «жасыл экономиканы» дамытуға қалай серпін беретіні айтылған, – дейді Мадина Әбілқасымова.


Қазіргі таңда «жасыл экономиканы» қаржыландыру жеткілікті деңгейде емес. Ол үшін төмендегі статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек жетіп жатыр. Айталық, Азия даму банкі елімізде «жасыл экономиканы» қаржыландыру ісіне 32 млн доллар бөлсе, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жасыл экономикаға бар болғаны 200 млн теңге ғана инвестиция тартқан. Дәстүрлі энергетикаға арқа сүйеген елдерде «жасыл экономиканы» дамыту ісіне күдікпен қараушылардың көп екені жасырын емес. Инвесторлар үшін Үкімет «жасыл экономиканы» қолдайды деген сөз жеткіліксіз. Бұл үшін жекелген заңнамалар, салықтық жеңілдіктер мен қаржыландыру жүйесі қалыптасуы тиіс.

Осы ретте Қазақстан жасыл экономиканы дамыту ісін бүгін ғана қолға алып отырған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстардың қолға алынғанына он жылға таяп қалды. Қазақстанның «жасыл экономикаға» бет бұруының арқасында еліміз бұл сала бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы елге айналып отыр.

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің мамандары елімізде қолға алынған «жасыл облигациялар» үрдісі жаңғармалы энергия көздеріне инвестиция тартуға жол ашатынын айтуда.

Агенттіктің Бағалы қағаздар нарығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Гүлшахра Талқамбаева «жасыл облигация» деп  борыштық бағалы қағазды айтатынын алға тартты. Мұның көмегімен «жасыл облигациялар» шығаратын компания елдегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға инвестиция тарта алады.


Сонымен қатар жаңа жүйе еліміздің әлемдік эконоикамен терең ынтымақтасуына жол ашады. Жалпы, «жасыл экономка» дүниежүзі елдерінің терең қаржы-экономикалық ынтымақтастығының арқасында өркендеп келеді. Бұл ретте Қазақстанның әлем елдері үшін трендке айналған «жасыл экономиканы» дамытып, жетекші елге айналуына толықтай мүмкіндігі бар.

Кең байтақ жерімізде жаңғырмалы энергия көздері мен органикалық азық-түліктер өндіруге мүмкіндігі зор. Сол себепті Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің «жасыл облигация» ұғымын еңгісізп, халықтың қаржылық сауаттылығын шыңдауға бет бұрғанын қауана құптауға болады.

 

Рекомендовать
Последние новости