Қазақстанда діни-экстремистік ұйымға қатысы бар 12 адам ұзақ мерзімге сотталды

Қаракөз Амантай 31 мая 2025 14:26

27 мамыр күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 12 қазақстандық азаматқа қатысты үкім заңды күшіне енді. Олар діни-экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырды және оның жұмысына белсенді қатысты деп танылып, 9 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың Қазақстан аумағында экстремистік және террористік идеологияны насихаттағаны, діни алауыздықты қоздырғаны және өз қатарларына жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталған.

Сотталғандардың басым бөлігі бұрын да ауыр қылмыстары үшін істі болған. Олардың кейбірі полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық шабуыл жасау, тонау, адам ұрлау және есірткі құралдарын заңсыз айналымға енгізу секілді қылмыстарға қатысқан.

Аталған үкім – қоғам қауіпсіздігі мен зайырлы мемлекеттік құрылымға төнген қатерлерге қарсы мемлекет тарапынан жасалған кезекті қатаң жауап болып отыр.


Рекомендовать
Последние новости