Қазақстан Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Dalanews 29 сент. 2016 05:18 856

Орыс футболының бұрынғы супержұлдызы, қазір Алматының «Қайратында» ойнайтын шабуылшы Андрей Аршавин Санкт-Петербургтің «Спорт День за Днем» басылымына сұхбат беріп, өзінің Қазақстандағы өмірі туралы сыр бөлісіпті.

Футболшының айтуынша, ол Алматыда өзін өте жайлы сезінеді екен.
Ал қазақтың тамағына келгенде, Аршавин қазы-қарта мен жылқы етін қатты ұнатып қалғанын мойындады.

«Қазыны жиі жеп жүрмін, барған жерімде қазы болса, жемей тұра алмаймын. Бұрын жылқының еті дегенде теріс айналушы едім, қазір жылқының неше-түрлі етін жейтін болдым. Бірақ бешбармақ дегендері ұнамады. Сосын қазақтар өзбекке көрші болса да, палауды (плов) онша жасай алмайды екен. Алматыда жүргелі Өзбекстандағыдай өте дәмді палау пісіретін ресторан көрмедім«, — депті ол.

35 жастағы «Қайраттың» шабуылшысы әзірге Қазақстаннан кеткісі келмейді екен.

«Шынын айтайын, Швейцария болсын, басқасы болсын,
мен орысша сөйлемейтін елге барғым келмеді. Бұл жағынан Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша,

содан да болар, мен өзімді өте жайлы сезінемін», — деп қосыпты.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Рекомендовать
Последние новости