Қазақстан Жоғарғы соты қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбайға (Мұратовқа) босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы төменгі соттардың шешімін күшінде қалдырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы белсенді әлеуметтік желідегі X парақшасында хабарлады.
"Астанадағы сот бұрынғы инстанциялардың шешімін күтпегендей емес, күшінде қалдырды — маған Қазақстанда босқын мәртебесі түпкілікті түрде берілмеді. Өкінішке қарай, әзірге басқа деректерді айта алмаймын. Сот отырысына келіп қолдау көрсеткен әрі әлі күнге дейін көмектесіп жүрген барлық жандарға алғыс білдіремін", – деп жазды ол.
2022 жылдың жазында Қарақалпақстан астанасы Нүкісте өткен наразылық акциялары қантөгіске ұласқаннан кейін, Өзбекстан билігі Мұратовты «конституциялық құрылысты бұзуға әрекеттенді» және «тәртіпсіздікке шақырды» деп айыптап, оның экстрадициясын талап еткен болатын.