Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен байланыс желісін тартады

Кәмшат Тілеухан 08 авг. 2025 11:40

Қазақстан мен Әзербайжанның телеком-операторлары Каспий теңізінің түбімен байланыс желісін тартады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
"Самұрық-Қазына" қорының портфельдік компаниясы – "Қазақтелеком" АҚ мен "AzerTelecom Int." компаниясы бірлесіп, Каспий теңізінің түбімен суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу бойынша ауқымды жобаны іске асырып жатыр. Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша желінің ұзындығы шамамен 380 шақырымды құрайды", делінген хабарламада.
 
Жоба аясында теңізде зерттеулер жүргізіледі, суасты кабелі дайындалып, Каспий теңізіне жеткізіледі және бекітілген бағыт бойынша төселеді.
 
Жаңа суасты ТОБЖ деректердің сенімді жіберілуін қамтамасыз етеді. Жоба цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде деректерді өңдеу орталықтарын және ірі технологиялық BigTech компанияларды өңірге тарту мүмкіндігіне жол ашады.
 
Айта кету керек, бұл Каспий теңізінде тарихтағы алғашқы суасты байланыс желісі болмақ.

Рекомендовать
Последние новости