Қазақстан Германияға банкноттар мен бағалы қағаздар экспорттай бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz LS сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 3,5 млрд долларға дейін қысқарып, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға азайған.
Қазақстаннан Германияға жеткізілімдер табиғи көлемде 18%-ға өсіп, 1,6 млн тоннаға жетсе, ақшалай мәнде 5%-ға артып, 1 млрд долларды құраған.
Мұнай экспорты 19,4%-ға өсіп, 1,5 млн тоннаға жетті. Шикізат әдеттегідей экспорттың негізгі үлесін алып отыр.
Сондай-ақ ферроқорытпалар жеткізілімі 37,9 мың тоннаға (+5%), ағаштан жасалған паллеттер мен жүк тұғырлары 11,5 мың тоннаға (+3,2 есе), сымдар мен кабельдер 648,8 тоннаға (+2,7 есе) артқан.
Дәстүрлі түрде жергілікті нарықтан Еуропа еліне балық филесі тасымалданатын. Алайда оның көлемі 1,5 есеге қысқарып, 488,7 тонна болды.
Ал Германиядан импорт бойынша жағдай өзгеше қалыптасты. Табиғи көлемде импорт шамамен 11%-ға төмендеп, 207,8 мың тоннаға жетсе, ақшалай көрсеткіш керісінше 6%-ға өсіп, 2,5 млрд долларды құраған.
Қазақстан фармацевтикалық өнімдерді азырақ сатып алған – 1,5 мың тонна (-1,6 есе), сондай-ақ құрылысқа арналған металл конструкцияларының импорты да екі есеге қысқарып, 9,2 мың тоннаны құрады.
Германиядан әкелінетін тіркемелер мен жартылай тіркемелердің импорты да 2,5%-ға азайып, 5,9 мың бірлікті көрсетті.
Ал ауыл шаруашылығы техникасының жеткізілімі керісінше артқан – 984 бірлік (+16,3%). Сонымен қатар жеңіл автокөліктер, жүк көліктері мен тракторлар импорты 2,5%-ға өсіп, 3,8 мың бірлікке жетті.
Бұдан бөлек, Қазақстан кондиционерлер, сорғылар мен компрессорларды 44,9 мың бірлік көлемінде (+14,6%), металл өңдеуге және кесуге арналған станоктарды 323 бірлік (+1,5 есе), электр генераторлық қондырғыларды 231 бірлік (+6,4 есе) сатып алған.
Германиядан ағаштар мен бұталар импорты күрт өсіп, 2,4 есе артып 135,5 мың данаға жетсе, жаңа піскен картоп жеткізілімі 3,2 есе көбейіп, 1,1 мың тоннаны құрады.
