Қазақстан жер сілкінісі саны бойынша әлемде 6-орында тұр

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 12:45 2083

Қазақстан жер сілкінісі саны бойынша әлемде 6-орында тұр, - деп хабарлайды Dalanews.kz ranking.kz деректеріне сілтеп.

earthquakelist.org мәліметі бойынша 2 ақпандағы жағдай бойынша ең көп жер сілкінісі Жапонияда болды: 204 оқиға, ең жоғары магнитудасы - 7,5. Одан кейін Мексика (180 оқиға, ең жоғары магнитудасы - 6,1), Индонезия (169 оқиға, ең жоғары магнитудасы - 5,6) тұр. Сондай-ақ, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Филиппин, Чили, Гватемала және Перуда жер сілкінісі жиі болды.

Қазақстанда биылдың өзінде 123 жер сілкінісі тіркелген. Бүгінде Қазақстан әлемдегі 100 елдің ішінде 6-орында тұр.

Қазақстанда ең күшті жер сілкінісі 1911 жылы 3 қаңтарда болды. Магнитудасы - 7,8 балл (барлық ел арасында 23-орын). Жер сілкінісі шамамен төрт миллион шаршы метр аумақта сезілген. Геолог Карл Богдановичтің айтуынша, жер сілкінісінен 452 адам қаза тауып, 740 адам жараланған, 1094 үй мен 4545 киіз үй қираған, сонымен қатар, 13 мыңға жуық мал қырылған.


Рекомендовать
Последние новости