Қазақстан ауыр атлетика құрамасы бір жылға жарыстан шеттетілді

Dalanews 22 июн. 2016 21:36 1955

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан ауыр атлетика құрамасын бір жылға жарыстардан шеттеді. Бұл шешімді IWF Тбилисидегі жиында қабылдаған.


"Аламан" спорт порталының хабарлауынша Қазақстанмен бірге Ресей мен Белорусь құрамасы да жазаланды. Алайда бір жылдық спорттан шектеу қай уақыттан басталатыны көрсетілмеген.


Бұған қоса, IWF Қазақстанның Рио олимпиадасына алған он жолдамасының екеуін жою туралы шешім шығарған. Демек, Қазақстан ауыр атлеттері егер Риоға барып жатса, алты ер мен төрт әйел атлет апара алмайды. Оның орнына бес ер, үш әйел спортшы барады.+


Қазақстан ауыр атлетика құрамасының Риоға қатысуын Халықаралық олимпиада комитеті шешуі тиіс.


Рекомендовать
Последние новости