Бүгін – Қазақстан полициясы күні

Dalanews 22 июн. 2016 22:18 1473




Бүгін – 23 маусым. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының полиция күні аталып өтіледі.






Осыдан 24 жыл бұрын «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары» туралы Заңы қабылданған болатын. Тиісінге бұл Қазақстан полициясының істері мен қызметін анықтайтын бірінші актісі болып табылады. Ал 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен  23 маусым полиция күні деп ресми түрде бекітілді.



Құқық қорғаушылардың жұмысы таңғы сағат тоғыз бен кешкі сағат алтының аралығында шектелмейді.

Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылайды. Қауіп-қатердің алдын алады,  төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес.

Қазақстан полициясы күні - Тәуелсіздік жылдарында аталған маңызды қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және қазірде осы салада тер төгіп жүргендер барша азаматтарға алғыс білдіретін күн. Бұған қоса 23 маусым бейбіт заманда еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы үшін өз өмірлерін пида еткендерге құрмет көрсету күні болып  саналады.

Рекомендовать
Последние новости