Қазақша ойла, жаз! Елордада «OI-ZEREK» интеллектуалдық тіл сайысы өтеді

Dalanews 20 сент. 2019 16:33 944

24 қыркүйек күні Оқушылар сарайында «OI-ZEREK» интеллектуалдық тіл сайысы өтеді.

Шара «MENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY» ХХІ қалалық тіл фестивалі аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өткізетін байқау жас ұрпақтың бойына ұлттық-рухани және қазақ тілінің құндылықтарын дәріптей отырып, қазақша ойлауға, жазуға ықпал етуді, тіл тазалығы мен мәдениетін сақтап, латын әліпбиін тез меңгеруге ықпал етуді көздейді.

Шара барысында түрлі мекемелер мен ұйымдардан құралған топтар өзара сайысқа түседі.

Байқау 5 кезеңнен тұрады: мақал-мәтел құрастыру; бейнероликті дыбыстау; латынша мәтінді жылдам оқу; қазақ терминдері мен аудармасы; интеллектуалдық сұрақтар.


Рекомендовать
Последние новости