Қазақ үшін жерін емес, руын қорғау маңызды

Dalanews 04 окт. 2016 03:36 999

Редакциядан: Еліміздегі орыстілді басылымдардың көпшілігі «ресейшіл». Бұған кезекті рет көз жеткіздік. Көзқарасы қауіпті, көп жағдайда Кремльдің астыртын саясатын жұмсартып жеткізетін ресейлік сарапшы Александр СОБЯНИНМЕН әңгімелескен «Караван» газетінің мақсаты не? Мұны төмендегі мақаланы оқысаңыз түсінесіз.

F94FE917-D4A5-4F75-9DE0-1A8F5F6DFFDD_mw1024_s_n Назарбаевтың мұрагері кім?

Собянин осы сауалға қатты алаңдайтын сияқты. «Қазіргі президенттің мұрагері бар. Ол – Нұрсұлтан Әбішұлының өзі. Билік ауысса да, оның капитаны өзгермейді» депті ол.

– Қазақстандағы саяси, басқарушы әрі ғылыми элита ақылды. Әлемдегі жағдайды жақсы түсінеді. Мәселе теңгенің құлдырауында емес. 90-шы жылдары Қазақстан Батыс әлемінен көп көмек алды. Ресейде мұндай мүмкіндік болған жоқ. Бірақ, бұл дәуір бітті. Енді басқа Қазақстанға дайындық басталды. Бұл Қазақстанның саяси билігі мен экономикалық жүйесі де бөлек болмақ және оны тек қана Нұрсұлтан Назарбаев басқара алады, – деген екенің Собянин.

 Оның пікірінше, билік ауысса да, Назарбаевқа қатысы болмайды және мұрагер туралы әңгіме қозғау әзір ерте. «Бір уақытта мұның да кезі келеді. Бір сұхбатында Назарбаевтың өзі де, билікті тапсыруға болатын бірнеше сценарийді ойластырып жүргенін айтқан.  Мұның бірі – билікті туысқанына өткізу немесе Назарбаевтың саяси бағдарын сақтай алатын айналасындағы сенімді жақтасына тапсыру.
«Бірақ, қазір мұндай мүмкіндік жоқ, – дейді ол. Бұл қазақтар мен Қазақстанға жақсы. Себебі, Назарбаевтың тәжірибесі мол. Басқарушылық, идеологиялық, индустриялық қабілеті жағынан онымен ешкім теңесе алмайды».

 

022ca94275825fdc08335d83827899a2-bigАлаңға шығатын «дурактар» жоқ

Онсызда Собяниннің ығына жығылып отырған журналист оған мынадай сауал қойыпты:

– Ресей мен Қазақстан ауыр күндерді бастан өткеріп жатыр. Дағдарыс, девальвация, оның үстіне әлеуметтік ахуал да ауырлап баралды. Қалай ойлайсыз, Қазақстан үлкен толқулар орын алуы мүмкін бе?

Бұған жауап Собяниннің сөзіне қарағанда алаңға тек «дурактар» шығады.  Ол не дейді?

Собянин: Халық алаңға билікке көңілі толмағанда емес, керісінше тәуекел етіп, сол билікті жекпе-жекке шағырғысы келгенде шығады. Қазір мұндай «дурактар» жоқ. Ондайлардың барлығы түрмеде. Ал қауіп төндіреді дегендер, түрмеге қамалғанғандарға қарап тәуекел етуден қорқады. Мынаны түсіну керек: «Халық тұрмысы төмендегені себепті алаңға шықпайды. Бәлкім, несиесін төлей алмағандар, үлескерлер, сол банктердің салымшылары шығатын шығар. Бірақ, бүкіл халық көтеру үшін бұған басқа факторлар себепкер болуы керек. Мүдделі тараптар бар. Бұл – Батыс...
Адамның өмірі мен тұрмысына көңілтолмаушылығын, билікке деген наразылықпен шатастыруға болмайды.

 

Қазақтар қашқын ба?

Собянин мұнымен де тоқтамайды. Қазақтарды бөле-жара көрсете кетіпті.

– Орыс та, қазақ халқы да шыдамды. Бірақ, қазақтың орыстан ерекшелігі ұзақ шыдап келе, жылдам көшіп кетеді. Қазақтар үшін Отанын емес, руын сақтап қалу маңызды болған. Көшіп кетті, демек руын сақтап қалды. Ал орыс халқы үшін жерін сақтау қалу бірінші орында тұрған...

«Шынымен де, сіздер ұзақ шыдайсыздар және дер кезінде шетке шығасыздар. Осының арқасында аман қаласыздар» дейді ол бір кезде. Мұнымен не айтқысы келді екен?

 

iS5Q0SObo0A Орыстілділер жүзге жата ма?

Собянин, сонымен қатар «Қазақстанның солтүстігі мен шығысы Ресейге қосылуы мүмкін бе?» деген сауалға жауап іздеген екен.

– Анығы, бұл шын өмірге мүлдем сәйкес келмейтін кейбіреулердің мифологиялық қорқынышы. Қазақстанға келгенде қарапайым халықпен көп сөйлесем. Қазақтардың Ресейге деген көзқарасы түзу. Ал осындағы орыстілділер Қазақстандағы төртінші жүз. Оларға ешкім тиіспейді. Олар еркін өмір сүріп жатыр және елде осыншалықты жайлы қоғамдық ахуалдың болғанын қатты бағалайды. Қазақстандық орыстар Қазақстанның патриоты. Олар бүгінгі Ресейдің – мақсатына, міндетіне және бағдарына сай келмейді, – депті Собянин.

Және барлық «ресейшілдерге» дән әдетпен Батыс пен АҚШ-қа тиісе кетіпті.

 Оның сөзіне қарағанда Қазақстандағы тұрақтылықты соңғы 20 жыл бойына  АҚШ пен Ресей сақтап келді. Қазір бұл екеуі де бұған мүдделі емес. Ресей еуразиялық интеграцияға құлықты, ал АҚШ қазіргі билікті төңкергісі келеді...

«Білесіздер ғой, Путин әрдайым Назарбаевтың жағында, ендеше Қазақстанды іштен іріткісі келетін бірден- бір мүдделі тарап – Батыс. Батысты АҚШ айдақтап отыр» деген екен Собянин.


шанырак 2«Шаңырақтағы» қазақтар қауіпті


Собяниннің мына пікірін ден қойып оқысаңыз, оның қазақтарға деген көзқарасын анық аңғарасыз. Ол не дейді?

– Өз басым исламизмді экстремизм мен терроризм ретінде түсінемін. Қазіргі исламизм лаңкестік жасаудан бұрын, бірінші кезекте Шаңырақ сықылды кедей аудандарда тұратын ауыл қазақтарын алаңға алып шығуға түрткі болуы мүмкін. («Шаңырақ» Алматының шет жағындағы билікке қарсы акция ұйымдастырған аудан ретінде белгілі» депті «Караванның» журналисі).

Исламизм қазіргі билікті төңкеруге тырысатын жалғыз жол. Оны пайдаланғысы келгендер, әлгіндей аудандарда тұратын азаматтарға:  «Шекесі шылқыған алматылықтар мен астаналықтарды тона, олар дайын асқа тік қасық болып отыр, ал сендер еңбектің адамысыңдар» деген ұранды қолдануы ғажап емес.

Айталық, Оңтүстік Қазақстандағы, Тараздағы, Алматы мен Астананың айналасында мұсылмандарға бақылау бар ма? Негізінде, қала халқына емес дәл осыларға уақыт керек.

Иә, Собянин дәл осылай дейді...

 Сайлау адал өтеді

Ресейден келетін сарапшылардың барлығы солай дейді. Собянин де солай ойлайды.

– Қазіргі билікке мұндай көзалдаудың қажеті жоқ. Оған, елде не болып жатқанын, қоғамның көзқарасы қандай екенін түсіну керек. Анығында, Назарбаев пен оның партиясының билігі орасан, сондықтан «Нұр Отаннан» басқа қандай да бір партиялардың парламентке өтері аса маңызды емес.

Бастысы сайлау адал өтеді. Себебі, билікке халықтың адал көзқарасы және адал қолдау керек, – дейді Собянин.

167058Еуразиялық одақ КСРО-ның жалғасы емес...

Сұхбаттың соңында сұхбат алушы мен сұхбат беруші біте қайнасып кетіпті. Кімнің сұрақ қойып отырғанын және кімнің жауап беріп жатқанын аңғара алмай қалдық.

– Сіз жаңа Үлкен мемлекеттің пайда болуын болжайсыз ба?– дейді журналист.

– Иә, бұл Еуразиялық одақ. Біртұтас саяси мемлекет, – дейді Собянин.

–  Орталығы Мәскеу болатын шығар?

– Бұл маңызды емес. Бір бөлігі Мәскеуде, енді бір бөлігі Минскіде болса да дүние бүлінбейді. Ал  Санкт-Петербургте – Парламентаралық ассамблея орналассын, Астана – қаржылық орталық болады. Көр де тұрыңыздар, менің айтқаным дәл келеді
Одақтың төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, ал Үкімет басшысы Владимир Путин болуы тиіс. Лукашенко төрелік етуге ұмтылмайтын адам. Одақты Назарбаев басқарса әділ болады. Алдағы екі үш жылда нақты, іс жүзіндегі Еуразиялық одақ пайда болады деп ойлаймын...

Және барлық «ресейшілдер» сияқты Собянин Еуразиялық одақтың КСРО жалғасы екенін қатты «жасырады»

–  Жоқ, жалғасы емес. Путин айтқандай, «КСРО-ның құлағанына өкінетін жандарда жүрек бар, ал оны қалпына келтіргісі келетіндер ақымақ». Құлаған мемлекетті қалпына келтірудің қандай қажеті бар? Жаңа мемлекет мықты,  және бай-қуатты болуы керек. Бұл басқа мемлекет болады, дейді ол.

P.S.  Ресейлік сарапшылардың бізге деген көзқарасы көп жағдайда осындай. Бұл сарапшылардың ғана емес, сонымен бірге Кремльдің де саясаты деп түсінген дұрыс болар.

 

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ


Рекомендовать
Последние новости