Қазақ және қырғыз тарихшылары саяси қуғын-сүргін мәселелерін талқылады

Dalanews 30 мая 2022 05:55 896

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ және қырғыз халықтарының үркіншілік кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

40-тан астам ғалымдар қатысқан ғылыми салмағы басым басқосу Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдиновтың кіріспе сөзімен басталды.

Ғылыми жиынға Б.Жамгершинов атындағы Қырғызстан Республикасы Тарих, археология және этнография институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абылабек Асанканов, аталмыш Институттың профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зайнидин Курманов, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ғалымдары Жұмағұл Байдилдеев және Аида Кубатовалар тақырып аясында баяндамаларын жасады.

Институт ғалымдарынан саяси ғылымдарының докторы, профессор Сайын Борбасов (тақырыбы: «Қазаққа қарсы үздіксіз соққы»), тарих ғылымдарының докторы, профессор Жұлдызбек Абылхожин (тақырыбы: «Логика репрессий»); тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Дүйсенова (тақырыбы: «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің кезеңдері»), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Манара Қалыбекова (тақырыбы: «Реабилитация жертв политических репрессий: дети ГУЛАГа») ғылыми баяндамаларын оқып, қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының тарихи сабақтастықтары мәселесіне қатысты пікірлерін алға тартты.

Дөңгелек үстел соңына қарай Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ош мемлекеттік университетінің Шығыстану және тарих факультетімен  және Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивімен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Рекомендовать
Последние новости