Қаза ораза қалай өтеледі: жиі қойылатын сұрақтарға қысқа жауап

Самал Асқар 06 февр. 2026 15:08

Рамазан айынан кейін қаза оразасын өтеу тәртібі көпшілік үшін өзекті, деп хабарлайды Dala News.

Қаза ораза қай кестеге қарап ұсталады?
Қаза ораза күнделікті намаз уақыттарының кестесіне сай ұсталады.
– Таң намазының кіруі – ауыз бекіту уақыты;
– Ақшам намазының кіруі – ауыз ашу уақыты.

Қаза оразаға ниет қалай жасалады?
Арнайы бекітілген дұға жоқ. Ниет жүрекпен жасалады. Айтуға болатын үлгі:
«Алла разылығы үшін Рамазаннан қалған қаза оразасының бірінші (немесе келесі) күнін өтеуге ниет еттім».

Қаза оразаны қай уақытқа дейін өтеу керек?
Ханафи мәзһабында қаза оразаны өтеудің нақты мерзімі шектелмеген.
Келесі Рамазанға дейін де, одан кейін де өтеуге болады.
Дегенмен, кешіктірмей өтеу абзал.

Қаза оразаны үзбей ұстау міндет пе?
Жоқ. Үзбей ұстау талабы тек 60 күндік кәффәрат оразасына қатысты.
Қаза оразаны бөліп-бөліп өтеуге болады.

Қаза оразаны әдейі бұзса, 60 күн кәффәрат керек пе?
Жоқ. Әдейі бұзу – күнә, бірақ кәффәрат міндеттелмейді.
Сол күнді қайта ұстап өтейді.

Қаза оразасы бар адам нәпіл ораза ұстай ала ма?
Ханафи мәзһабы бойынша рұқсат.
Алайда, алдымен қаза оразаны өтеу – маңыздырақ.

Қаза оразаны айттан кейін бірден ұстау шарт па?
Ораза айттың екінші күнінен бастап қаза ораза ұстауға болады.
Үш күн айт біткенін күтудің қажеті жоқ. Айт мерекесі тек бір күн.

Қысқасы, қаза ораза – өтелуі міндет ғибадат, ал оны қалай және қашан өтеу адамның өз мүмкіндігіне қарай жүзеге асады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove