Қайтарылған активтер есебінен СҚО-да балабақша салынып жатыр

Ақтоты Жапатова 19 июн. 2025 14:33

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар әкімдік өкілдерімен бірлесіп Петропавл қаласында балабақша құрылысын тексерді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Объект прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен салынады. Жобаның жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайды.

"Балабақша 280 орынға есептелген, бұл кезектілікті қысқартады және балаларды оқыту мен дамыту үшін заманауи жағдайлар жасайды. Бүгінгі таңда жұмыстар 40 пайызға аяқталды. Нысанды тапсыру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған", - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы қайтарылған активтер есебінен 33 жоба іске асырылуда.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы - бұл өңірдің дамуына және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қосқан үлесі.


Рекомендовать
Последние новости