Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев Бішкекте ұсталды

Көркем Алдабергенова 08 авг. 2024 15:46 3934

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген Дархан Өмірәлиевті ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген Дархан Өмірәлиев ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деп күдіктелуде.

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында Дархан Өмірәлиев ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Дархан Өмірәлиев азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр


Рекомендовать
Последние новости