Қайрат Боранбаев ел алдына күтпеген жаңалықпен шықты

Көркем Алдабергенова 24 июл. 2024 16:17 3367

Қайрат Боранбаев ел алдына күтпеген жаңалықпен шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Offside.kz мәліметінше, Боранбаев Қазақстанда жаңа "Almaty United" футбол клубын ашпақ. 

Ақпаратқа сәйкес, клуб өз жолын 2025 жылғы маусымда футболдан екінші лиганың QFL-ден бастайды.

Almaty United бас директоры тәжірибелі футбол менеджері, "Қайрат" ФК бұрынғы бас директоры және Player career Management футбол агенттігінің қазіргі басшысы - Марат Бүркітұлы Баймұханов болмақ. 

Еске салайық,олигарх Қайрат Боранбаевқа әлі де тергеу орбитасында. Боранбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 22 мамырда мәлімдеді.

"Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14, 5 миллиард теңге көлемінде залал өтелді, бұдан басқа ол 120 миллиард теңге көлемінде залалды өтеді. 120 миллиард теңге, оған қоса 14,5 миллиард теңге - 134 миллиард теңге. ...Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, ол тергеліп жатыр, тағы да залал өтелуі мүмкін. ...Оған бюджет қаражатына қатысты күдік бар, сондай-ақ, салық төлеуден жалтару бар", - деді Елемесов мәжілісте.

Айта кетейік, былтыр 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ал оған дейін наурызда ол 8 жылға сотталды. Қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, "бай құда" Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді, басқа да біраз мүлікті мемлекет меншігіне тапсырды. Ал аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақүй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады екен.

 


Рекомендовать
Последние новости