Қайғыдан қан жұтқан жаннан пікір беруді сұраған "Еуразия" арнасында ұят жоқ

Dalanews 29 июл. 2016 05:52 975


Танымал ақын-композитор Еркеш Шакеевтің ұлы – Сафар Шакеевтің өлі денесі табылғаннан кейін «Еуразия» арнасынан өзін журналистпін деп таныстырған қыз, тікелей әкесіне телефон шалып, жас жігіттің өліміне байланысты комментарий беруді сұраған көрінеді.







 «Журналистік этика жайында… Бүгін біз үлкен қайғыға тап болып отырмыз. Бауырымыз Еркеш (Шакеев – авт.) ұлынан айырылды. Сафардың өлімі расталғаннан кейін бір сағат өтпей, Еркештің нөміріне бір қыз звондады. – Саламатсыз ба! Мен «1 арна Еуразиядан» боламын, маған шұғыл түрде «комментарий» беріңізші!



 Көңіл айтқан да жоқ, қайғыға ортақтасқан да жоқ. Түк болмағандай, комментарий беріңізші деп отыр. Абырой болғанда, сол кезде әкесінің телефоны менде болды. Әрине, мен ол топасты бәріне белгілі «үш әріпке» жібердім.



 Артынан оның қоймай, Еркештің достарына дейін шабуылдағанын білдім (хабарлама алмасудың скриншоты бар). Адам қайғысын пайдаланып, журналистік мансапты жасау — абыройдан жұрдай қалғанның белгісі. Бір ар-ұят пен әдеп болуы керек қой», — деп жазды Арман Шораев өзінің Facebook парақшасында.


ДереккөзBaq.kz 




Рекомендовать
Последние новости