Qarzhy Saqshysy: Қазақстанда қаржылай қауіпсіздікке арналған республикалық компьютерлік ойын ұйымдастырылды

Қаракөз Амантай 17 дек. 2025 17:35

2025 жылдың 1–15 желтоқсан аралығында "Заң және тәртіп" жалпыұлттық қағидаты аясында қаржылай қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған "Qarzhy Saqshysy" республикалық компьютерлік ойыны өткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі және AML Academy бірлесіп жүзеге асырды.

Интерактивті форматта қатысушылар қаржылық тәуекелдерді анықтап, виртуалды қаражатты басқарды және қаржылық қауіпсіздікке қатысты тапсырмаларды орындады. Оқушылар дропперліктің белгілерін, қаржылық пирамидаларды анықтауды және фишингтік сайттарды шынайы сайттардан ажыратуды үйренді.

Ойынға Қазақстанның барлық өңірінен 800 мыңнан астам 10–11 сынып оқушысы мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысты. Жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталады.

"Qarzhy Saqshysy" қаржылай тұрғыдан сауатты әрі жауапты ұрпақты қалыптастыру жолындағы маңызды қадамға айналып, қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімді арттыруға бағытталған тұрақты дәстүр ретінде жыл сайын өткізілетін болады.


Рекомендовать
Последние новости