Қариннен Сарымға дейін. Тасадағы ұлтшылдар Америкамен ауыз жаласқан – Lenta.ru

Dalanews 11 окт. 2021 05:29 1208

Ресейлік басылымдар қайтадан қазақ тіліне қатысты шабуылға көшті деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ресейлік басылымдар сайлау науқаны кезінде Қазақстандағы орыс тілінің «қысым көруіне» қатысты түрлі провокациялық материалдар жариялап, «орыс тілі» біздің елде қысым көріп жатыр деп дабыл қаққан болатын.

Сайлаудан кейін бұл дау біраз бәсеңсіген. Енді аталған тақырыпқа қатысты ақпараттық шабуылдар қайта басталды.

Оған Ресейдің ірі басылымдарының бірі «Lenta.ru» сайтындағы «Не забывайте, кто вы тут». В Казахстане объявили войну русскому языку. Почему его считают угрозой для страны?» тақырыбындағы жалған мәліметке толы материал дәлел.
...

Пропагандист Журналист Никита Мендкович материалында «қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселені АҚШ елдегі саяси тұлғалардың қолымен жасап отыр» деп болжайды.

Dalanews.kz  материалдың қазақ тілінде нұсқасын оқырман назарына ұсынады.

«Тіл патрульдерінен» кейін


«Тіл патрульдері» төңірегіндегі дау бірнеше апта бойы Қазақстандағы басты мәселенің бірі болды. Til Maydani YouTube-арнасын жүргізетін Қуат Ахметовпен бірге ұлтшылдар тоюы орыс тіліне қатысты қоғамдық орындарда дау туғызды. Кейіннен аталған видеороликтерді Ахметовтің YouTube-арнасында жариялады.

Жарияланған роликтер ел ішінде ғана емес, Ресейдің өзінде үлкен резонанс тудырды. Қазақ ұлтшылдарының әрекетін Госдума мен Ресей серіктестігі қатаң сынға алды.

«Тіл майданының» бастамашысы Қуат Ахметовке қарсы қылмыстық іс қозғалып, ол Украинаға қашуға мәжбүр болды. Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Ахметов «экстремистердің» әрекетіне «үңгірдегі ұлтшылдық» деп баға берді.

Дегенмен қазақстандық элита өкілдерінің басым көпшілігі сыни пікір білдірмеді. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Абаевпен полемикаға түсіп, «тіл патрульдері» әрекеті көршілес Ресейдің «ақпараттық дүрбелеңімен» байланыстырды.

«Орыс тіліне орынсыз әрекет жасалуда» деп қысқа қайырып, ұлтшылдарды іс-әрекеттері мен пікірлеріне келгенде абай болуға шақырды.

Аталған дау төңірегінде қазақ басылымдарында орыс тіліне қатысты қарсылық жалғасын тапты.
«Орысша ойлайтын жастар қазақ болудан қалады», – деді «Алаш айнасы» басылымының журналистері.
«Жас Алаш» балалары тек орыс тілінде сөйлейтін ұлтаралық некеге тыйым салуды ұсынды. «Қамшы» авторлары орыс тілінде оқытатын мектептерге ақылы жүйе кіргізу қажет деп жазды.

Бұл арандатушылық сөздерге мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін міндетті түрде білуі туралы заң жобасын дайындаған шенеуніктер де ден қойып отыр. Оларды қазіргі нормативтік базаның іс-қағаздарын Қазақстанның ресми тілі орыс тілінде жүргізілуіне мүмкіндік беретініне қарамастан.

Қазақыландырудың қиындықтары


Қазір болып жатқан оқиға елді «қазақыландыруға» қатысты бірінші жағдай емес.



Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, орыс тілін тұрмыста азаматтардың 75% қолданады. Сатылатын кітаптардың 90%-ы орыс тілінде, газеттердің 58%-ы және журналдардың 80%-ы орыс тілінде. Бұдан бөлек, интернеттің ұлттық сегментіндегі ақпаратты іздеу тілінің 96 пайызы орысша.

Қазақ телеарнасына басымдылық берілетініне қарамастан, жергілікті аудитория қарайтын бағдарламалардың 54%-ы орыс тілінде шығады.

Орыстілді сыныптардың саны қазақтілді сыныптарға қарағанда жылдам өсіп жатыр.

Қазір орыс тілінде мектеп оқушыларының 41 пайызы оқиды, Қазақстанның Білім министрлігі бұл картинаны көре отырып, шынайы статистиканы жоққа шығарып отыр. Осыған қарамастан, мемлекеттік аппарат орыс тілінде сөйлейді.


«Жас Алаш» басылымының журналистері «Картина 30 жыл болды өзгерер емес... Шенеуніктердің түрі қазақ, тілі орыс» деп налиды.

Әңгіме абстрактілі бюрократияда емес, күн сайын халықпен жұмыс істейтін педагог, медицина қызметкерлері да бар.

Ауруханалардағы құжат атаулының бәрі медицина қызметкерлерінің көпшілігі ана тілдерін базалық деңгейде білмейтіндері үшін орыс тілінде толтырылады, бірақ солардың 80 пайызы этникалық қазақтар.

«Тіл патрульдерінің» құрбандарының бірі жұмыста орысша сөйлейтін дәрігер-невролог Эмилия Гречаник. Аралас мектептердегі педагогтердің көбі қазақ тілін жетік білмейді. PISA тестілеуінің мәліметтері бойынша, орыстілді сыныптардағы оқу сауаттылығының деңгейі 21 пайызға жоғары, жаратылыстану-ғылыми деңгейі 19 пайызға, математикалық сауаттылық деңгейі 11 пайызға.

Басқа сөзбен айтқанда, тіл мәселесіне қатысты таңдауды халық өзі жасады. Орыс тілі қатынас тілі, ал қазақ тілі ұлттық тіл ретінде сақталуда. Алайда саяси элитада қазақ тілін көпшілікке күштеп таңуға тырысқан «еріксіз» ұлтшылдардың партиясының көрінісі айқын.

Ықпалды ұлтшылдар


Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстанға сапары барысында орыс тілінің жағдайы мен экстремистік «патрульдер» мәселесі талқыланды.

Тамыздың ортасында өткен сапарда Еуразиялық интеграцияны дамытуды жақтаған құқық қорғаушы Ермек Тайшыбеков жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осы күні Қазақстанның ақпарат вице-министрі болып русофобияшыл Асқар Омаров тағайындалды.

Сондай-ақ, Омаров «Қазақпарат» агенттігінде басшылық еткен кезеңде Қазақстанның жаңа картасын жариялауымен танымал болды, онда Ресей мен өзбек аумақтары «қысқартылған».

Сонымен қатар, Омаров саяси элитаға біріктірілген ұлтшылдардың жалғыз мысалы емес. Солардың бірі саяси қуғын-сүргін құрбандарын, қылмыстық топ мүшелерін қорғайтын мемлекеттік комиссияның атынан Ресейге қарсы мәлімдемелер жасап жүрген Парламент депутаты Айдос Сарым.

Екі жыл бұрын ол батыстық қозғалыс «Жаңа Қазақстан» саяси кеңесінің мүшесі болды. Аталған қозғалыста сырттай он жылға сотталған экс-премьер Әкежан Қажыгелдин және ұлтаралық дау тудырғаны үшін түрмеге отырған Серікжан Мәмбеталин бар.

«Жаңа Қазақстан» саяси кеңесі Сарымды қосқанда Вашингтонға барып, Мемдеп пен АҚШ Конгресі сенатының қабылдауында болды. Онда 1930 жылғы жаппай ашаршылықты геноцид деп тануға қатысты меморандум келісімі жүргізілді.

Дегенмен америкалық сапардан соң Сарым «Нұр Отан» партиясының қатарына, сондай-ақ Парламент депутаттары мен аталған комиссия мүшелерінің құрамына кірді. Бұл бір ғана эпизод емес.

Бұған дейін аты аталған Президент кеңесшісі Ерлан Қарин 2019 жылы Президент жанындағы қоғамдық кеңеске «Оян, Қазақстан» ұлттық қозғалысының көшбасшыларын сөйлеуге шақырды.


Сол сәт ұйым президент сайлауын мойындаудан бас тартып, жастарды көшеге шығуға шақырды. «Ояндықтарды» перзидент құрылымы қатарына қосу күмәнді болып көрінгенімен, элитаға америкалық байланыс арқылы шыққан болу керек.

Билік және ақша


Қазақстан саясатындағы және мемлекет аппаратындағы мансап көбінесе отбасылық-кландық байланыстар арқылы іске асырылады, онда үлкендер қызмет сатысымен кішілерін жылжытады және ықпал ету желілерін қалыптастырады. Аталған байланыс жүйесінде кәсіби қасиеттер, әділеттілік немесе ұйымдастырушылық қабілет емес, кланға адалдық қана есепке алынбақ. Бірақ мұндай кланға кіру қиын, ол тек туылу құқығымен немесе сәтті неке нәтижесінде ғана қолжетімді.

Бұған балама мансап тек АҚШ құрған желілік ықпал ету құрылымдары, оқу жобаларына қатысушылар қауымдастығына негізделген. Олар ақшалай және ақпараттық қолдау алып, бір-бірін алға жылжытады.

Мәселен, Ерлан Қарин еңбек жолын Ақтөбеде мектеп мұғалімі ретінде бастаған, бірақ көп ұзамай «Интерньюс» (АҚШ) қоры мен «Эберт қоры» (Германия) жобаларына қатысқан «Орталық Азия Стратегиялық зерттеулер агенттігі» ҮЕҰ директоры болды. Ол сонымен қатар Вашингтондағы америкалық университеттің оқытушысы болды.

Қарин Президенттің кеңесшісі болғаннан кейін америкалық жүйеде дамып келе жатқан «ояндықтардың» саяси элита қатарына кіруіне ықпал етуі таңғаларлық жағдай емес.


Мектептегі білімді қазақыландыру туралы мәлімдемелерімен танымал Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еңбек жолын Қарағанды облысындағы өзін-өзі басқару шағын мекемесінен бастаған.

Бірақ 2006 жылы ол АҚШ пен Ұлыбритания қаржыландыратын «Мәскеулік саяси зерттеулер мектебіне» (Ресейдің Әділет министрлігі шетелдік агент ретінде қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдардың тізіліміне енгізген) оқуға жіберілді. Еңбек ақтаусыз болмады. Екі жыл бойы Аймағамбетов және оның «Аңсар жастар Лигасы» ұйымы жалпы сомасы 200 мың долларды құрайтын «Сорос» Қорының грантын иеленді.

Кейіннен Білім министрі болғанда Аймағамбетов америкалық Қордың мектептердегі жобаларының жүзеге асырылуын қолдады. Бірақ сыбайлас жемқорлық фактілерін анық көрсетіп тұрған бұл әрекеттер Омаровтың да, Қариннің де Қазақстанның саяси элитасына кіруіне кедергі болмады.

Ұлтшылдардың элитадағы өзара қолдауы оларға саяси билік пен қаржылай ресурсқа ие болуға мүмкіндік береді.


Аймағамбетов 2017 жылы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр болып тұрғанда қазақ тілінде кітап шығарумен айналысатын «Ұлттық аударма бюросының» құрылуын қолдады. Басшылыққа онымен бірге Ерлан Қарин мен Айдос Сарым кірді. Қор 2,5 миллиард теңге ақша алды (шамамен 6 миллион доллар).

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияны арандатушылық сөз сөйлеу алаңына айналдырған дәл осы америкалық ұлтшылдар. Олар «жай ғана қызылдарды өлтірген» Ұлы Отан соғысы кезіндегі сатқындарды ақтауға және 1930 жылдардағы аштықты «қазақтардың геноциді» деп мойындауға шақырады.

Әкімшілік-саяси байланыстар жүйесі мен міндеттемелер ұлтшылдардың саяси тобына мемлекеттік жүйеге әсер етуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы орыс тілінің ықпалына нұқсан келтіру олар үшін басты міндетке айналуда, өйткені жалпы ақпараттық және тілдік кеңістік Ресеймен достық қарым-қатынасты қалыптастырады. 2020 жылы АҚШ Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, ел тұрғындарының 74,1 пайызы Мәскеумен және тек 27 пайызы Вашингтонмен одақ құруды жақтаған.

Америкалық ұлтшылдар билікте жүргізіп отырған республиканы «қазақыландыру» әрекеттері Ресей мен Қазақстан арасындағы тілдік байланысты бұзуға және АҚШ-тың елдегі ішкі саяси процестерге ықпал етуіне көбірек мүмкіндік беруге бағытталған.

Редакциядан:


Ресей ақпараттық соғыстың жаңа тәсілін таңдаған сыңайлы. Бұған дейін халық арасынан шыққан тіл жанашырларын қарғап-сілеп келген одақтасымыз ендігі жерде билік басындағы азаматтарға соқтыға бастапты. Кремль идеологтары Қазақстанды қазақыландыру төбе бастан басталған бастама деп тұспалдайды. Осынау мақалада Қариннің, Сарымның, Аймағамбетовтің аты аталуы бекер емес. Бұны Президент әкімшілігі жауапсыз қалдырмайды деп сенеміз.

Рекомендовать
Последние новости