«Қаржылай қолдау ұсынамыз»: алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған

Көркем Алдабергенова 11 нояб. 2025 14:44

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алаяқтар қазақстандықтарға телефон шалып, өздерін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері ретінде таныстыра бастаған.

Олар несие, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу немесе бизнеске көмек уәде етеді, ал кейін телефонға келген кодты және ақша жіберуді сұрайды.

Егер осындай қоңырау алсаңыз сенбеңіз және бірден тегін 1432 call-орталығына хабарласыңыз.

 
 

Рекомендовать
Последние новости