Қарасай ауданында «Nur Otan» кандидаттары спорт саласын дамытыудың барысын талқылады

Dalanews 05 янв. 2021 10:42 946

Бүгін Қарасай ауданы «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер – Қ.Айтжанов, Д.Төлеген, Б.Сүнбеков, А.Балажанова, Ж.Садуова, М.Бигельдиева, А.Жұмабаев, Е.Жақсыбаев,  Е.Константинова, Д.Нақысбеков, Н.Жанталиев ZOOM платформасы арқылы спорт саласының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Шараға спорт саласының өкілдерімен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар және БАҚ қатысты.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы аудан халықын бұқаралық спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуды партияның сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарының бірі ретінде енгізген. 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін көтеруді көздеп отыр.

Биылдың өзінде Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында көпшілік көптен күттен баламасы жоқ спорт кешені есігін айқара ашқан болатын. Кешен мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынған. Нысанның аумағы 1,6 гектарды алып жатыр.

Көрсең көзің тоятын, сәулеті келіскен кешен 3 бөліктен тұрады.  Мұнда спортпен айналысуға ықыласы ауған қауымға керектінің бәрі бар. 1-блок күрес және бокс түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу сабақтарына арналған әмбебап залдан құралған. Ал, 2-блок екі қабатты,  сонымен бірге жертөлені қамтиды. Жертөледе техникалық, киім ауыстыру бөлмесі мен жуынатын жер орналасқан.  Одан бөлек, би және сауықтыру гимнастикасының әр түрлері бойынша сабақтар өткізуге арналған зал да  бар.

3-блокқа келетін болсақ, шағын футбол, волейбол, гандбол ойындарына арналған 325 орындық трибунасы бар әмбебап залды көруге болады.   Мүмкіндігі шектеулі азаматтарда назардан тыс қалмаған. Блокта ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналған 6 орын қарастырылған.

«Nur Otan» партиясы үміткер-кандидаттары «Меценаттардың экономиканың басқа салаларымен қатар спортқа қолдау көрсетуі өскелең ұрпаққа қызмет еткені деп түсінеміз. Осындай игі істің атқарылуына мұрындық болған кәсіпкер азаматтардың басын қосып, ортақ іске жұмылдыру бағытында «Nur Otan» партиясы тынымсыз еңбек ететін болады» деп ойларын ортаға салды.

Бүгінде ауданда дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға бөлінетін қаржы көлемі артып, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқаны да әңгіме барысында сөз болды.

Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық сайлау қорынан төленді)

Рекомендовать
Последние новости