Бүгін Шымкент қалалық маслихат депуттатығына үміткерлер Баршагүл Исабек пен Дулат Қуашбаев «Болашақ» коледжінің ұжымымен кездесті. Үміткерлерді жылы қарсы алған колледж ұжымы 10 қаңтар күні саяси науқанда Қазақстан азаматы ретінде белсенділік танытып, саяси науқанда болашақ ұрпақтың қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге ықпал ететін «Nur Otan» партиясына сенім артып, бас партияны қолдайтындарын жеткізді.

Жүздесуде «Nur Otan» үміткерлері алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарын жұртшылыққа жіліктеп түсіндіріп берді. Өз кезегінде білім саласының өкілдері өз салаларына қатысты толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Айталық, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Сондықтан партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш саламақшы. Шымкент қаласында 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары.
Мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі. 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде.

Кездесуде партиясының сайлауалды бағдарламасын мұқият тынысқан білім саласы қызметкерлеріне брошюралар мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламалары таратылды.
Өз кезегінде мекеме ұжымы өз дауыстарын партияның кандидаттарына беріп, бүкіл отбасымен 10 қаңтарда сайлау учаскесіне барып нақты істер партиясы – «Nur Otan»» дауыс беру үшін келетіндігін айтты.
(Материал ақысы Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)