Қарасай ауданында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды

Dalanews 21 мар. 2020 09:32 783

Кеше Алматы облысы Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне короновирус жұқтырған облыстың бір тұрғыны жатқызылды. Ол 17 наурызда Сауд Арабиясынан Ыстамбұл мен Бішкек арқылы ұшып келген. Бұл Алматы облысында тіркелген 1-ші, ал еліміз бойынша 53-і жағдай, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сырқаттың айтуынша 19-ынан бастап ауру белгілері байқала бастаған, ол медициналық көмекке 20 наурызда жүгінген. Қазір науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Оның 11 адаммен байланыста болғаны анықталды, соның 4-еуі – өз отбасының мүшелері, 3-еуі – құлшылыққа бірге барғандар, 2-еуі достары. Байланыста болған басқалары анықталуда, облыс аумағында тұратын, сырқатпен байланыста болғандар провизорлық стационарға оқшауланады.


Сапардан келгеннен кейін Жамбыл облысы мен Алматы қаласында байланыс жасаған азаматтары туралы мәліметтер тиісті органдарға берілді.

Рекомендовать
Последние новости