Қарағандының бұрынғы әкімі әрі Мәжілістің бұрынғы депутаты Шаймерден Оразалиновтың ұлы (1942-2019) қарт анасын ұрып-соққан, - деп хабарлайды Dalanews.kz деректеріне cілтеп.
Патриот Telegram-арнасы мәліметінше, ер адам зейнеткердің мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған. Ішкі мүшелерін де зақымдаған. 78 жастағы әйел соққыдан кейін кейін екі күн үйде жатып қалған. Себебі ұлына зиян тигізгісі келмеген, сондықтан көмек сұрамауды жөн көрген.
Бірақ үшінші күні көршілері егде жастағы әйелдің ауыр жағдайын көріп, жедел жәрдем шақырған. Ал дәрігерлер соққыға жығылған адамның жағдайынан кейін полицияға хабарласыпты.
Жедел қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Жауап алу кезінде ол жүйке ауруы барын айтыпты. Қарағанды тергеу соты Оразалиновтың ұлын екі айға қамауға алды.