Қашқын экс-әкім Храпунов Байбекке не үшін кінә артып отыр?

Сағыныш Сардарова 16 февр. 2024 13:06 3156

Жуырда Алматыда лай көшкіні жүріп, бүтін бір отбасының өмірін қиып кетті. Оқиға Медеу ауданында болды. Ал Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов 1995 жылы Медеу ауданындағы ауданы 0,17 гектар болатын жер учаскесі белгілі бір азаматқа өтіп кеткенін айтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Выход к правде Telegram-арнасының деректеріне сілтеп.

Telegram-арна қашқын экс-әкімнің сөздерін келтіреді. Оның сөзінше, бұл жердің тағдыры бірнеше мәрте шешілген.

"Ол кезде Энергетика министрлігінде қызмет етіп жүрдім. 11 жылдан кейін, яғни 2006 жылы Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов болды, олар жер учаскесінің нысаналы мақсатын бау-бақшаға ауыстырды. Мұның бәрі заң шегінде мүмкін нәрсе", - дейді Храпунов.

2014 жылы бұл учаске сатып алу-сату негізінде басқа азаматқа ауысып кеткен. Ол тиісті өтініш беріп, үй салу үшін осы учаскені пайдаланудың мақсатын өзгертуді сұраған.

"2015 жылы Алматы әкімдігінің жер комиссиясының қорытындысы негізінде қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаевтың қолымен Алматы әкімі Байбек тиісті қаулыға қол қояды. Осылайша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертеді. Әкім бұл қаулыға қол қойып, нысаналы мақсатын өзгертуге құқығы жоқ еді", - дейді Храпунов.

8 ақпанда сағат 02-20-да "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген болатын.

Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жігіттің мәйіттерін тауып, алып шықты.


Рекомендовать
Последние новости