Қарағандыда жоғары шенді полицей жол апатынан қаза тапты

Көркем Алдабергенова 21 апр. 2025 18:10 160

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Бекжан Құсаинов 53 жасында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Бекжан Құсаинов 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады.

Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.

"Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принцпшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді. Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", дейді ПД өкілдері. 


Рекомендовать
Последние новости