"Семейде маньяк жүр". Полиция желідегі дақпыртқа қатысты түсініктеме берді

Кәмшат Тілеухан 19 апр. 2025 11:07 294

Әлеуметтік желіде маньяк деп айдар тағылған ер адамның суреті тарай бастады. Жазбада қаскөйдің таңдауы, көбіне жасөспірімдерге түсетіні айтылған. Абай облысының полиция департаменті Семейде жасөспірімдерді өлтіретін маньяк пайда болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай жазба бір күн бұрын әлеуметтік желілерде тарады. Фейк авторлары белгісіз адамның суретін де пайдаланған.

"Қазіргі уақытта қала аумағында мұндай оқиғалар тіркелген жоқ. Тексеру барысында ақпарат расталмады", - деп атап өтті полициядағылар.

Жергілікті тұрғындардан тек ресми ақпаратты басшылыққа алу сұралады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдан бастап үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.


Рекомендовать
Последние новости