Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Қаракөз Амантай 02 дек. 2024 09:14 541

Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласының аудандарының бірінде орналасқан есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Операция барысында саяжай аумағынан есірткі жасауға пайдаланылатын ақ ұнтақ тәрізді зат салынған алты ағаш бөшке табылды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды. Көлікті 39 жастағы Қарағанды тұрғыны басқарған. Бөшкелер жеке үйге жеткізілуі тиіс болған сәтте көлік тоқтатылды.

Үйге жүргізілген тінту барысында мына заттар тәркіленді:

• Есірткі жасауға қажетті прекурсорлары бар 6 бөшке;
• Кептіру кезеңіндегі психотроптық зат болуы мүмкін сұйықтық құйылған 35 шыны паллет;
• Белгісіз сұйықтық салынған 33 канистр;
• Ұнтақ тәрізді зат толтырылған 4 қап;
• 5 газтұтқыш;
• Салмағы 3 келіге жуық дайын альфа-PVP есірткісі салынған 3 вакуумды пакет;
• Есірткі өндіруге арналған жабдықтар (араластырғыштар, вакууматор, желдеткіш жүйесі);
• Таразы, ұялы телефондар, жүйелік блок және басқа да құрал-жабдықтар.

"Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің қара нарыққа шығарылуына жол берілмеді. Қылмыстық іске қатысы бар күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында.

Тәркіленген заттар бойынша сараптама тағайындалып, қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 


Рекомендовать
Последние новости