Kundelik білім беру жүйесіне айыппұл салынды

Ақтоты Жапатова 27 дек. 2025 11:20

Қазақстандағы Kundelik білім беру жүйесінің иелері оқушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігін бұзғаны үшін 750 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылды. Бұл шамамен 2,9 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиев мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, деректердің тарап кету жағдайы расымен болған, алайда бұл жағдай бұрын орын алған көрінеді. Оның айтуынша, деректердің таралуы 2016–2020 жылдар аралығындағы ескі мәліметтерге қатысты болған.

– Бұл жаңа кибершабуыл немесе жүйені бұзу фактісі емес. Қандай да бір пайдаланушының логині мен құпиясөзі бұрын, шамамен 2020 жылы алынған. Таралған ақпарат – бұрыннан жүйеде сақталған, жаңартылмаған деректер, – деді вице-министр.

Айыппұл көлемі 2025 жылы бір АЕК 3932 теңге болғанын ескергенде есептелген. Қазіргі таңда уәкілетті орган деректердің қауіпсіздігіне қатысты тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Досжан Мұсалиев министрлікте бұл деректердің интернетте сатылғаны туралы ақпарат жоқ екенін де атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости