Қарағанды облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
17 қыркүйекте сағат 00:54-те Ақадыр – Қарағанды учаскесі Жарық-Дария аралығындағы теміржол өткелінде 92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл көлік жолға шығуына байланысты шұғыл тежеген.
"Алайда жол апатының алдын алу мүмкін болмады. Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Бұл оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді", - деді ҚТЖ өкілдері.
"ҚТЖ "ҰК" АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жол қозғалысының қатысушыларын теміржол өткелдерінің ережелерін қатаң сақтауға шақырады.