Қар көшкіні жүруі мүмкін: таулы аймақтарға қатысты ескерту жасалды

Көркем Алдабергенова 31 янв. 2026 16:03

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таулы өңірлерде қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, жүргізілген мониторинг пен тексеру жұмыстарының нәтижесінде таулы аймақтарда қар жамылғысының жиналу процесі әлі де жалғасып жатқаны анықталған. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты жекелеген учаскелерде қардың өздігінен сырғу қаупі сақталып отыр.

«Оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің биік таулы аймақтарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауларында лавиналық қауіпті жағдай сақталуда. Қар басқан тік беткейлерге шығу ұсынылмайды, себебі бұл қар көшкінінің жүруіне себеп болуы мүмкін», – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар ТЖМ-ге қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары қар жамылғысының жиналу көлемі мен лавина қаупі бар учаскелердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыр. Қауіпті аумақтарда тексеру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындар мен таулы аймақтарға шығуды жоспарлаған азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және ресми ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove