Путиннің түсінігінде Қазақстан тәуелсіз ел емес

Dalanews 29 апр. 2015 12:54 960

(сурет e-event.kz сайтынан алынды)

Саясаттанушы Расұл Жұмалының пікірінше, Путин Қазақстанды тәуелсіз ел деп есептемейді әрі өзінің «тең дәрежедегі әріптестерімен» санасқысы жоқ. Ол бұған нақты дерек келтірді. 

Бұған қоса Жұмалы: «ұлтшыл, мемлекетшіл ұстанымдағы азаматтарды мемлекеттен ақша алатын ақпарат құралына шығармайды.  Пәленше мен Түгеншенің аты кірген «қара тізім» бар» дейді. 

– Өткен аптада Владимир Владимирұлы жұртпен тікелей желіде пікірлесті. «Ресейден тыс жерде тұратын орыстардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуді интеграция арқылы жүзеге асырамыз» деді. Мұнысы несі?

– Путиннің бұл жолғы сұрақ-жауабы былтырғыдан бөлек. Бастысы, арыны басылған.

Былтыр «Украинаның мәселесін біз шешеміз», «Киевтегі жаңа билік – фашистер» деп айыптаған Путин өзгере қалды. Мұндай әңгімелер бұл жолы айтылған жоқ. Есесіне, «Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарыс бұл елдің ішкі мәселесі, оларды Украина өзі шешуі керек, біздің бұл іске араласуға қақымыз жоқ, тек қана өз ойымызды ортаға салуға дәмеліміз. Украинадан бір нәрсені  талап етеміз. Киев Кремльге тең дәрежедегі әріптес, серіктес ретінде қарауы керек» деді. Былайша айтқанда, өте өркениетті сөйледі.

– Путиннің қатқыл, ащы пікірден бас тартуында не жатыр? Бұл бекер емес шығар?  

DAA8D275-83CF-4FC0-BA94-7AA3FF709677_mw1024_s_n– Ресейдің халықаралық санкция құрсауында қалуы, рубльдің құлдырауы, мұнай бағасының төмендеуі Кремльге әсер еткені көрініп тұр. Содан болар, аузын бақты. Алайда Путиннің сөз жүзіндегі және іс жүзіндегі әрекетінің арасында үлкен алшақтық жатыр. Украинаны айтпай-ақ қоялық, бұл Қазақстан мен Ресейдің арасында да анық байқалады.

Сөз жүзінде «біз тең дәрежедегі әріптеспіз» дейді. Іс жүзінде санаспайды. Кейде оның ішінде орыстілді азаматтарға келгенде арандататын, біржақты мәлімдеме жасайды. Ол орыстілді азаматтардың Қазақстан немесе Беларусь тұрғыны екенін екінші ретке қалдырады. Жалпы, біздің азаматтардың жағдайын ойлауға оның ешқандай заңдық немесе саяси қақы жоқ.

Осы жолғы сұрақ-жауапта жұмсақ сөйлеуінің өзі оның өз қателігін түсінгендіктен, мойындағандықтан емес, соған мәжбүр болғандықтан уақытша жасалған тактикалық әрекеті деп түсіну керек.
 Осыдан 6 ай бұрын Путин бір басылымға сұхбат берді. «Ресейдің өз аумағынан тыс әскери базалары тек екі мемлекетте ғана бар. Бірі  – Арменияда, енді бірі – Тәжікстанда» деді. Ресейдің біздің елде 6 әскери базасы мен полигоны орналасқан. Оны айтқан жоқ. Демек, Путиннің түсінігінде Қазақстан шетел, былайша айтқанда өз алдына бөлек мемлекет емес. 

 – Бір сөзіңізде Қазақстан мен Украинаның ұқсас тұстары өте көп депсіз. Мысалға?

–  Сырттағы әлем Ресеймен шектелмейді. «Орыс кетсе, Қазақстанның тәуелсіздігіне тұмсық тығатын, бізді жаулағысы келетіндер пайда болады. Олардан сақтайтын жалғыз күш – Ресей» деген ойдан арылу керек.    

Украинаның бізге ұқсас тұстары көп. Соның бірі орыстілділердің мәселесі, Ресейдің әсері, Путиннің Қазақстан мен Украинадағы орыстілді азаматтарды өз мүддесіне пайдалануға тырысуы, ішкі ісімізге қол сұғуы.
 Жалпы, «қызыл империяның» шекпенінен шыққан елдерде ұлттық сана-сезімнің ояну процесі әлі жүріп жатыр. Кремль бұл үрдісті тежеуге, кеңестік замандағы психологияны, ой-өрісті сақтап қалуға тырысуда.

Өз саламыз бойынша түрлі басқосуда болам. Ресейшіл сарапшысымақтардың алға тартатыны: «Украинадағы жағдай Қазақстанда болуы мүлде мүмкін емес! Оларыңыз не, ойбай? Украина мүлде бөлек мемлекет қой. Ресей өз әрекетін Қазақстанда қайталауы мүмкін деген болжамды мүлдем ойға алмаңыздар!» дейді. Мұның өзі саясат. Қазақстандық азаматтардың ойын, санасын ұйықтатып тастауға бағытталып отыр.

 Осыдан 6 ай бұрын Путин бір басылымға сұхбат берді. «Ресейдің өз аумағынан тыс әскери базалары тек екі мемлекетте ғана бар. Бірі  – Арменияда, енді бірі – Тәжікстанда» деді. Ресейдің біздің елде 6 әскери базасы мен полигоны орналасқан. Оны айтқан жоқ. Демек, Путиннің түсінігінде Қазақстан шетел, былайша айтқанда өз алдына бөлек мемлекет емес.  

Рабочий визит В.Путина в Астану для участия в заседании ВЕЭСОдақ аясындағы «тең дәрежедегі әріптестері» Назарбаев, Лукашенкомен ақылдасуды қойды.  

Ортақ валютаны алайық. Былтыр Лукашенко мен Назарбаев: «Асығудың  реті жоқ. Бұл мәселені 10-15 жылдан кейін қарастырсақ та кеш емес» деген. Путин мұны қайта көтерді.

Ресейдегі ақпарат құралдарының не дегеніне назар аударсаңыз: «Путин поручил создать единую валюту Евразийского союза», «Путин дал поручение создать единую валюту. Назарбаев и Лукашенко узнают об этом из российских газет» дейді. Бұл орыс газеттеріндегі мақалалардың атауы!

Ресейден тыс елдерде өмір сүретін орыстардың әлеуметтік жағдайы, тілдік мәселесі Путин үшін желеу. Олардың тағдырын ойлап отырған ол жоқ. Мұны қазақтар, украиндар ғана емес, орыстілді азаматтар да түсінуі керек.

– Біз Кремльдің ақпараттық-идеологиялық кеңістігінде өмір сүріп отырмыз деп айтуға бола ма?

– Біздің ақпарат саласының 80 пайызы Ресейдің қолында. Оның өзін азсынып отыр. Соның бірі – ортақ ақпараттық кеңістік құру.

Ортақ дегеніміз не? Әрине, ресейлік ақпарат құралдары, ортақ валюта деген, әрине, рубль, ортақ парламент деген, әрине, ресейдің ГосДумасы. Сосын, бізде Мәскеуге жұмыс істейтін  тарихшылар, экономистер, саясаттанушылар бар. Кремль қазақстандық қоғамда ресейшіл көзқарасты қалыптастыруға қыруар қаржы жұмсауда. Бұл әлгіндей саясаттанушылардың өз ниеті емес. Мәскеудің айдап салумен, ақша берумен жүргізіп отырған дүниесі.

Бір қызығы, бұларға кедергі жоқ. Ал ұлтшыл, мемлекетшіл ұстанымдағы азаматтарды үкіметтен ақша алатын ақпарат құралына шығармайды. Естуімше, Бәленше мен Түгеншенің аты кірген «қара тізім» бар.
Тәуелсіздік алғалы Киев Қырымды украиндық ете алмады. Ақпараттық, идеологиялық жұмыстар атқарған жоқ. Қырым Украинаның құрамында болса да, «орыс әлемінде» өмір сүрді. Мұнда Украина емес, Ресейдің арналары хабар таратты. Ресейдің жұлдыздары концерт берді. Сайып келгенде Қырымдағы орыс халқы үшін ештеңе өзгерген жоқ.

– Саясаттанушы Рүстем Қадыржанов Украинаға қатысты бір  жолғы жиында: «Ертең Кремль дәл бұл сценарийді Қазақстанда қайталаса, қазақ қолына қару алады. Ал орыс ше? Олар қайтпек? Қазақтың артынан ере ме, әлде басқыншыларды (немесе өзінің этникалық бауырларын) нан мен тұз көтеріп қарсы ала ма?» деді.  Қалай ойлайсыз, бұлай деуге негіз бар ма?
– Өте ауыр сауал.  Талай адамның ойында жүр.  

Украинадағы оқиғалар біздің қоғамды екіге жарды. Мұның өзі мемлекеттің әлсіздігін білдіретін жайт.

Осындағы «өзіміздің орыстар» өздерін Ресей мен Қазақстанның арасындағы дәнекер емес, ел азаматы ретінде сезінуге, тағдырын, бала-шағасының болашағын осы елмен байланыстыруға тиісті еді. Бірақ осы уақытқа дейін билік олардың көкейінде мұндай сезім тудыру үшін қандай да бір идеологиялық жұмыс атқарды ма, не бітірді?

Бір мысал. Ресей Қырымды алды. Референдум өткізді. Рас, өрескел заң бұзды. Бірақ, референдум нәтижесінде халықтың бірталай бөлігі Ресейге қосылатынын айтты. Себебі неде?

ХВАТИТ ВРАТЬ Тәуелсіздік алғалы Киев Қырымды украиндық ете алмады. Ақпараттық, идеологиялық жұмыстар атқарған жоқ. Қырым Украинаның құрамында болса да, «орыс әлемінде» өмір сүрді. Мұнда Украина емес, Ресейдің арналары хабар таратты. Ресейдің жұлдыздары концерт берді. Сайып келгенде Қырымдағы орыс халқы үшін ештеңе өзгерген жоқ.

Қазақстанның солтүстігіне қарайық. Халық ертеден қара кешке дейін Ресейдің «НТВ», «Ресей-24» арналарын көреді. Мұндағы халық Украинадағы оқиғаларға Кремльдің көзімен қарап отыр. Бірақ бұған оларды кінәлаудың жөні бар ма? Бәлкім, бұл ресейлік ақпарат құралдарын Қазақстанда тайраңдатып қойған биліктің кінәсі шығар? Украинадағы оқиғалар көрсеткендей бұл күндердің күні үлкен қасіретке алып келуі мүмкін.

– Рахмет!

Әңгімелескен,


Думан БЫҚАЙ


Рекомендовать
Последние новости