Прокурор әкімнің әрекетін сынады

Dalanews 04 нояб. 2017 00:38 1007

Жақында бір қалаға прокурор болып тағайындалған ағамызбен емен-жарқын сөйлесудің сәті түсті. Әлгі ағамыз менің құқық қорғау, қала берді прокурордың кәсіби қызметіне қатысты ой-пікіріме тектоникалық өзгеріс жасағанын жасырып қайтейін. Кәсібіне шын ниетпен берілген ағамыздың "алабөтен" ойларын алдағы уақытта жаза жатармыз. Ал мына бір әңгімесін көпшілікпен бөлісе кетуді жөн санадым.



Заңдылыққа салсақ, прокурор жергілікті жердегі әділін айтатын қазы. Аудан, қала әкімдерінен биік тұрған тұлға. Әкімге бағынбайды. Бірақ бірлесіп жұмыс істеуі керек. Бұған дейін порокуратура саласының құрылымдық бөлімдерінде ұзақ жыл еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған ағамыз жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін қалыптасқан дағыды бойынша қала әкімінің апта сайын өтетін аппараттық жиналысына шақырту алыпты. Аппраттық басқосуға бірнеше рет қатысқан прокурор ағамызға бұл жиналыс мүлде ұнамапты.
– Жаңа қызметке тағайындалғалы бері бірнеше рет қала әкімінің аппараттық жиналысына қатыстым. Шынымды айтсам, маған әкімдікте өткен басқосу мүлде ұнаған жоқ. Жиын болған соң, қалының тіршілігіне қатысты қандай да бір мәселелер қаралап, оң шешімін табуы керек қой. Бірақ аппараттық жиналыстар мәселе шешуге бағытталмағанын байқадым. Менің ұғымымда кез келген аппараттық жиналыста өзекті мәселенің түйінін тарқатуға қатысты арнайы бөлімдерге тапсырма беріліп, ол келесі аппараттық жиналыста оның нәтижесі сөз болуы тиіс қой. Бірақ біздің қалалық әкімдікте өтетін аппараттық жиналыстарда көтерліген мәселенің соңғы нәтижесі әкімге ақпарат берумен шектелетіні маған ұнаған жоқ. Нақты істің қорытындысы бойынша ешкім ләм-лим деп ауыз ашпайтынын байқадым. Аппараттық жиналыста көтерілген өзекті мәселелердің соңы "әкімге ақпарат берумен" тұйықтала беруі мені жалықтырды. Сонда әкім ақпаратты жинақтайтын газет, журнал ма? Апта сайын өтетін аппараттық жиналыстың осы бір дағдысы көңілімнен шықпаған соң, әкімге "ақпарат берумен" шектелетін мұндай жиналысқа бола уақытымды текке кетіргім келмейтінімді ашық айттым. Оданда қалада орын алатын қылмыспен күреспеймін бе? – дейді прокурор ағамыз.

Иә, несін жасырамыз, аудан, қалаларда өндіріс болмаған соң, әкімдер аппараттық жиналыстарда болмашы нәрсені сөз етіп, көп жағдайда ақпарат жинаумен ғана айналысып отырғаны жасырын емес. Сондықтан поркурор ағамыздың ойын қуаттаудан басқа амал қалдамды.

Нұрлан Жұмахан    

Рекомендовать
Последние новости