Пробация тәртібін өрескел бұзған

Жарбол Кентұлы 04 нояб. 2024 21:21 2162

Түрксіб аудандық сотында пробация қызметінің А.Әпсейтовқа қатысты бұрын тағайындалған жазаны шартты түрде жазамен ауыстыру туралы ұсынысы қаралды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өтініш пробация режимі талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты ұсынылған.

Сотталған азаматтың уәкілетті органға хабарламастан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерлерге шығып, ол жерде ойын-сауық мекемелеріне барып, өзін «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы» КММ төрағасының кеңесшісімін деп таныстырғандығы анықталды. Сонымен қатар іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат бергені мәлім болып отыр.

Бұған дейін Әуезов аудандық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы үкімімен А.Әпсейтов ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-бөлігімен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот шешімімен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды.

Енді шартты жаза нақты жазаға ауыстырылды.

Жазаны өтеу мерзімі 2024 жылдың 4 қарашасынан бастап есептеледі.

 


Рекомендовать
Последние новости