Президентпен "суретке түскен" қызға айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 29 дек. 2025 12:37

Бішкекте блогер Акума Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге түскендей етіп, жасанды интеллект көмегімен жасалған суреті үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл сурет әлеуметтік желілерде кеңінен тараған соң, оқиғаға Бішкек қалалық полициясы назар аударған. Құқық қорғау органдары блогерді анықтап, оны Октябрь аудандық сотына жеткізді. Сот шешімімен оған 5 500 сом, яғни 32 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Қырғызстандық адвокат Шердор Абдыкапаров соттың бұл шешімін жұмсақ деп бағалады. Оның айтуынша, мұндай суреттер мазақ ету ретінде қарастырылып, қатаң жауапкершілікке тартуға да негіз болуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости