Президент шыршасында 6 сынып оқушысы ерекше киім үлгісімен тәнті етті

Dalanews 29 дек. 2023 11:25 1323

Бұған дейін Елодадағы «Астана опера» театрында Президент шыршасы ұйымдастырылғанын хабарлаған едік.

Шыршаға аз қамтылған және көп балалы жанұялардан шыққан, оқуда озат, түрлі спорт бәсекелерінде жетістікке жеткен 100-ге жуық бала қатысты.

Балдырғандарға арналған түрлі қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

Президент шыршасы балалар ерекше дайындалып, әркім өзі әзірлеген киім үлгісін таныстырды.

Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка ауылынан келген 6 «а» сынып оқушысы Сания Акпанованың киім үлгісі ерекше көзге түсті.  


«Отты Самұрық құсы» киім үлгісін әзірлеуге біршама уақыт кеткен.

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында" оқитын Санияның айтуынша самұрық құстың басы алюминий сымнан, мегаплекстен, фоамираннан, ленталы паеткадан, сәндік тастардан, алтын түсті картоннан әзірленген.

Самұрық жұмыртқасы гельді шардан, мегоплекстен, сәндік тордан және құрғақ алтын жалтырақтан жасалған. Көйлек партча матасынан, шілтерлі торлы материалдан, фоамираннан, қауырсындардан, сәндік тастардан тігілген.

Самұрық – қазақ мәдениетінде де, халқымыздың тарихында да елеулі орын алатын мифтік құс. Аңыздарға сүйенсек, самұрық жұмыртқасынан қайта туылу мүмкіндігі бар құс, бұл біздің киіміміздің маңызды атрибуттарының бірі болып табылады. Самұрық жұмыртқасы қайта жандануды және болашаққа деген үмітті білдіреді.

Өзінің символдық күшімен самұрық құсы Қазақстанның мәдени және рухани ландшафтына сән беріп, байытады. Ол әдемі қауырсындардан жасалған алтын төбемен безендірілген сұлу да, әдемі  басын жоғары ұстап, сол сұлулығын мақтанышпен көрсетеді.


Бұл жерде құстың басы – қазақ халқының ғасырлар бойы алып келе жатқан даналығын бейнелейді.  Ол жарық, отты қанатын әлемге, күнге кең аштынын айқындап тұр. Құстың қанаты  – біздің байтақ еліміздің ұлан-ғайыр кеңістігінің бейнесі. Самұрықтың құйрығы отты соқпақтай созылып, алтын сәулелермен жарқырап, күн нұрын шашып тұрғандай, халқымыздың тарихи жадын бейнелейді.

Мерекелік шарада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқу, балаларға арнайы сыйлықтар табыстады. Арнайы қапшықтың ішінде балаларға арналған сөмке, айпад, энциклопедия кітаптар топтамасы және тәттілер бар.

Әр өңірден келген балалар 3 күн бойы Астананың әсем жерлерін аралап, театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалаған.

Президент шыршасын қатысып жатқан оқушылардың да көңіл-күйі ерекше.

Рекомендовать
Последние новости