Президент Жолдаулары - ел дамуының басты бағдарлары

Dalanews.kz 08 авг. 2024 16:12 4640


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымына кіріскеннен кейінгі алғашқы сөзінде: «Еліміздің даму жолындағы осы маңызды мезетте бүкіл қоғам болып, өркендеген, демократиялық, Әділетті Қазақстанды құру идеясының төңірегіне топтасуы керек» деген еді. Содан бері Президент «әділдік» ұғымын екі (2019 жылы және 2022 жылы) сайлауалды тұғырнамасына негіз етіп алып, өз саясатының басты қағидаты ретінде ұстанып келеді.

Әділетті мемлекет құру идеясы қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік саясаттың ғана емес, бүкіл қоғамның идеологиялық темірқазығына айналды. Өйткені ол қоғамның сұранысына да, мемлекеттің ұстанымына да толық сай келеді.

Сондықтан мемлекеттік деңгейде көптеген шешімдер қабылданды. Мәселен, екі жыл бұрын жүргізілген конституциялық реформаға сай халықтың жерге және оның қойнауындағы байлыққа, жануарлар және өсімдіктер әлеміне, басқа да барлық табиғи ресурстарға қатысты меншік құқығы Конституцияға енгізіліп, бекітілді. Бұл қағидат іс жүзінде «Ұлттық қор-балаларға» атты бағдарлама арқылы іске асырылды. Биыл бірінші ақпан күні кәмелетке толмаған немерелерімнің бәрінің есепшотына ақша түсіп, шат-шадыман болдық.

Бұл жыл сайын жалғасын табатыны қуантады. Сондай-ақ әділдік қағидатының нақты жүзеге асырылып жатқанын кезінде заңсыз алынған, жалпы соммасы 1 триллион теңгеден асатын активтердің елге қайтарылғанын, пайдаланылмай келген 5 миллион гектардан астам жердің мемлекет меншігіне өткенін, сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының құрылуы мен осы қорға жыл сайын «Самұрық қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7 пайызы аталған қордың есеп шотына аударыла бастағанын атап көрсетуге болады.


Шын мәнінде Әділетті Қазақстан бәз біреулер айтып жүргендей, биліктің ойлап тапқан жасанды идеясы емес, Президенттің стратегиялық бағдарларының идеялық негізі. Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің ең негізгі миссиясы – Әділетті Қазақстанды құру екенін үнемі айтып, саяси экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларда жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың бәрі, сайып келгенде осы стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға арналған. Бұл мәселеде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының маңызы ерекше. Сол Жолдауларға қысқаша тоқталсақ, 2020 жылы жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіби білім берудің маңызын атап өтті. «Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін мемлекет нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн»,- деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент осы тапсырмасын жүзеге асыру үшін Үкімет жастарды кәсіби білімге ынталандыру мақсатында қаражатты үйіп-төгіп бөліп, осы бағытта білім алғысы келетін жастарды мемлекеттік грант арқылы тегін оқытып, жатақханамен тегін қамтамасыз етіп, шәкіртақы да бөлді. Бұл қадам жастар арасында үлкен құлшыныс туғызып, болашаққа деген сенімін арттырды. Жергілікті жердегі (аудан,қала,облыс) әкімдері аймақтарындағы өндіріс орындарында, кәсіпкерлік құрылымдарда,

ауылшаруашылығы саласында, құрылыста қажетті мамандықтардың тізбесін жасап, жергілікті кәсіптік білім беруші оқу орындарының мамандықтар бойынша атқаратын жұмыстарын ретке келтіріп, тиісті шешімдер қабылданып, аз уақытта жұмыс жолға қойылды
2021 жылғы Жолдауында Президент: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді» деді. Ал, оған дейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жауапты «Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама» қабылданды. Қызылорда облысында тіл мәртебесін көтеру үшін қоғам мен билік бірлесе қимыл жасауда.

Осы жылдың 11 сәуірінде облыста «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің облыстық іс-шаралар жоспары белгіленген. Осы құжатқа сәйкес, облыста «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру мәселелері тақырыбында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен арнайы жүргізу тапсырылған.

Мемлекет басшысының былтыр Түркістан қаласында, биыл Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырыстарында мемлекеттік тіл мәселесіне тоқталып, тіліміздің тұғырын нығайтып, оны ғылым мен білімнің тілі ету жайлы тапсырмаларын орындау жайы талқыланып, қатысушыларға өздері жетекшілік жасайтын салада, салаға қарасты меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорында мемлекеттік тілдің қолданылуына зор мән берілуі тиіс екендігі тапсырылған. 2023 жылы 4 жоба, яғни «Аймақтағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірінің лингвистикалық базасын қалыптастыру», кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заннамаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған «Korneki» және «Қаз тест» сертефикаттық тестілеу өткізу жобасы қолға алынды. «Korneki» әлеуметтік жобасы аясында 1223 кәсіпкерлік нысанға тіл туралы заңнамалардың сақталуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп,кемшілік анықталған 138 нысан иесіне ұсынып хат жолданған. Оның 128 -інде анықталған кемшіліктер жойылған,


2022 жылы жарияланған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам атты Жолдауында: «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі көші-қонға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек.Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» деген болатын. Осыдан кейін қандастардың көшіп келуі мен елде тұрақтауына барлық жағдай жасала бастағаны белгілі. Осы мәселені түбегейлі шешуге қатысты Үкіметтің арнайы қаулысы мен елдің көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.


Елімізде соңғы бес жылда кішігірім өзгерістер емес, керісінше көптеген салада түбегейлі әрі жүйелі бет бұрыс жасалды.Тіпті, соңғы үш жылдың ішінде бүкіл саяси жүйенің құрылымы қайта жасақталғанын көресіз. 2019-2021 жылдардағы саяси реформалар 2022 жылғы конституциялық реформаға ұласып,соның нәтижесінде еліміздегі мемлекеттік институттардың мәртебесі мен рөлі едәуір артты.

Конституциялық сот жұмыс істей бастады. Президенттің құзырына кіретін мәселелер азайып, керісінше Парламенттің құзыреті кеңейді, аралас сайлау жүйесі енгізіліп, саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдеді. Тұңғыш рет ауыл әкімдері тікелей сайланатын болды. 2021-2023 жылдардағы сайлау қорытындысында ауыл әкімдерінің үштен екісі жаңарды. Былтыр алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлап көрдік. Мұндай сайлаулар 2025 жылдан бастап тұрақты өткізілетін болады.


Саяси реформалармен шектеліп қалмай,экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да маңызды өзгерістер жасалуда. Халықтың тұрмысын жақсарту үшін бағалы бастамалар мен нақты жобалар іске асырылуда. Осындай жүйелі әрі кешенді жұмыстар қазірдің өзінде өз жемісін беруде. Ең төменгі еңбекақы көлемі екі есеге артты, нәтижесінде 1,8 адамның табысы өсті.Ұстаздар мен дәрігерлердің, ғалымдардың жалақысы көбейіп, олардың әлеуметтік қорғау шаралары күшейді.
Мемлекет басшысының бастамасымен жұртқа тұрғын үй жағдайы мен денсаулығын жақсарту үшін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік берілді. Бұл мүмкіндікті миллионға жуық азаматтар пайдаланды. «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңарту» секілді ауқымды ұлттық инфрақұрылымдық жүзеге асырылып жатыр. Ең бастысы– реформалар қоғамдық қатынастардың сипатын біржолата өзгертіп, ұлттың саяси менталитеті өсті, азаматтық белсенділігі артып, тұрғындардың елдік мәселелерге еркін араласуы жүзеге асуда.


2023 жылы жарияланған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары атты Жолдауында Мемлекет басшысы елімізде «Күшті Президент–ықпалды Парламент–есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламент рөлі ерекше атап көрсетілді.


Ел экономикасының негізі – индустрия, электр энергетикасы, аграрлық өндіріс, ғылым және инновация. «Күшті Президент – ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» Әділетті Қазақстанның институционалдық ауқымын айқындайды, яғни «Әділетті Қазақстан»қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап береді.

2019-2021 жылдардағы саяси реформалардың төрт топтамасы мен 2022 жылғы саяси жаңғыру бағдарламасы осы жолдауды нақты жүзеге асыруға арналды.Соның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік жүйесі бар мемлекеттік құрылымның жаңа институционалдық үлгісі қалыптасты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты «әділдік қалай орнайды?» деген сауалға «ел-жұртпен тығыз байланыста болып, олардың мұң-мұқтажын тыңдай білу арқылы орнығады» деп жауап беруге негізделген. Дегенмен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымы азаматтардың күнделікті түйткілдерін шұғыл түрде әрі тиімді етіп шешуді ғана көздемейді.

Сонымен қатар, бұл қағидат елімізді дамытуға қатысты басты мәселелер бойынша қоғамның барлық өкілінің пікірін ескере отырып, байыпты әрі ортақ шешім қабылданатынын білдірді. «Халық үніне құлақ астын мемлекеттің» жарқын мысалы Конституцияға өзгерістер енгізу үшін өткізілген референдум болып табылады.
Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев бір сөзінде әлемдегі геосаяси ахуалдың ушыққанына қарамастан,

2023 жыл мемлекетіміз үшін жақсы, нәтижелі болғанын, еліміздің соңғы жылдары саяси реформалар арқылы түбегейлі жаңғыру жолына қадам басқанын, Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауынан кейін Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының сәтті өткеніне тоқталған еді. Маңызы зор саяси шараларда жерлестеріміз бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетіп, алдыңғы қатардан көріндік. Алғаш рет өткізілген аудан әкімдерінің сайлауында Шиелі мен Сырдария аудандарының халқы өз таңдауларын жасап, мемлекетті басқару ісіне үлестерін қосты.


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы аймаққа жұмыс сапарымен келіп, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Облыс бойынша маңызды мәселелерге қатысты тарихи шешімдер қабылданды. Өңірлер арасында алғашқы үштіктен көрініп, үздіктер қатарындамыз. Аймақ бюджеті 609 млрд теңгеге жетіп, облыстың даму бюджеті 2,5 есе артты. Экономиканың барлық саласында 45мыңға жуық азаматтар жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы және жалпы жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді. Облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5% жетті. Сырбойылықтардың 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Өңірде газбен қамту көрсеткіші 75пайызды құрайды. Аймақта 2500 астам пәтер табысталып, 11000 тұрғынның баспана мәселесі шешілген. Облыс бюджетінің 61 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған, 30 жаңа үлгідегі автобус алынып, шалғайдан қатынайтын 4 мыңнан астам оқушының тасымалдау жұмыстары шешімін тапқан. 25 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін 15 дәрігерлік амбулатория ашылды.Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауға арналған «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары қызметін бастады - деп Президент Жолдауын жүзеге асырудағы бірқатар шараларды атап көрсетті.

Ергешов Абай Жомартұлы,
ҚР Білім беру ісінің үздігі,ардагер-ұстаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Рекомендовать
Последние новости