Президент: әлімжеттікке, буллингке қарсы ДосболLIKE атты бағдарлама іске қосылады

Сағыныш Сардарова 15 авг. 2025 12:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек. Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреті кеңейді. Сондай-ақ, тағы бір өзекті мәселе. Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте 111 психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды", - деді Тоқаев.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы ДосболLIKE атты бағдарлама іске қосылады.

"Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады. "Не ексең, соны орасың" деген. Қазір біз бір қоғам болып жас ұрпақтың бойына қандай құндылықтарды сіңірсек, ертең ондаған жылдан кейін ұлтымыздың сапасы да сондай болмақ. Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады", - деді Президент.

 


Рекомендовать
Последние новости