Премьер Смайылов ескі Қазақстаннан қайтарылған активтер туралы айтты

Dalanews 31 авг. 2023 09:35 785

Үкіметбасы Әлихан Смайылов Amanat партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, президент Тоқаев жүктеген міндеттердің орындалу барысын баян етті.  

«Барлық бағдарламалық құжаттар халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл тапсырмалар қиын кезеңде, үнемі туындап отыратын сыртқы және ішкі сын-қатерлер жағдайында іске асырылды.

Дегенмен жалпы қойылған міндеттер жүзеге асырылды, ал ұзақ мерзімді және жүйелі тапсырмалар орындалу барысында», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Айта кетелік, биылдан бастап Жаңа Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жұмыс істей бастады.

Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам азамат соттан тыс банкроттық рәсімін пайдаланған. Смайыловтың атап өткеніндей бұл халықтың қарыз жүктемесін және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік берген.

Премьер бұдан бөлек заңсыз сатып алынған активтердің мәселесін сөз етіп, оларды мемлекетке қайтару мақсатында тиісті заң қабылданғанын еске салды.


"Бүгінгі таңда Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі бойынша 16 компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі, 7 ғимарат, 160 темір жолдары мен нысан, сондай-ақ ақшалай қаражат мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Жалпы, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар соңғы 4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесін 27%-тен 19%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді", – дейді Смайылов.

 

Рекомендовать
Последние новости