"Пойыздар жиі кешігеді". Сауранбаев қазақстандықтардан кешірім сұрады

Қаракөз Амантай 26 нояб. 2024 17:36 2138

Премьер-министр Олжас Бектенов пойыздардың кешігу себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" басшысынан жауап алды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты мәселе көтерді.

"Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуі жөнінде көптеген шағымдар түсіп жатыр. Бұл мәселеге қандай шаралар қабылданып жатыр?" — деп сұрады ол "ҚТЖ" басшысынан.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев кешігулердің негізінен жол жөндеу жұмыстарына байланысты екенін түсіндірді.

"Жол жөндеу жұмыстары мен жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда тұр. Соңғы екі жылда жөндеу жұмыстарының көлемі 2-3 есе артты. Жолаушылардан туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", — деді Сауранбаев.


Рекомендовать
Последние новости