"Полицейлер өз адамдарын өздері сабап жүр". Алматы полициясы түсінік берді

Dalanews 31 авг. 2021 06:59 871

Алматы қалалық полициясы интернетте пайда болған ер адамның полиция қызметкерін ұрған видеосынан кейін тексеру бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Видеодан ақ көйлек пен шалбар киген ер адамның полиция қызметкерін ұрғанын көруге болады.

Видео астында оған түсініктеме де беріле кеткен.

"Сәлеметсіздер ме! Видеода ақ жейдедегі Наурызбай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары.

Полиция майоры Жақыпбаев Қанат Еркінұлы, жекпе-жектен спорт шебері ретіндегі шеберлігін қолдана отырып, жас офицерлерді жүйелі түрде осылай ұрады.

[video width="640" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/08/240701685_964885251025658_6418985479512706758_n.mp4"][/video]

Департамент басшылығы бұған назар аудармайды, мен жұртшылықтың назарын осы мәселеге аударуды сұраймын. Оның жанында, яғни Жақыпбаевқа көмектесіп, жас қызметкердің қолын ұстап отырған Криминалдық полиция басқармасының орынбасары Тұрымбетов Ерлік", - делінген.

[video width="640" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/08/240576154_264932258578926_8050459349823309880_n.mp4"][/video]

Алматы полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді.

"Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында видео зерттеліп, мән-жай анықталады. Алматы қалалық ПД Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды", - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Рекомендовать
Последние новости