Перизат Қайрат пен анасына үкім бүгін шығарылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Судья Сабыржан Каримов үкімді сағат 15:00-де жариялайды.
Бұған дейін прокуратура Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыруды, мүлкін тәркілеуді және 10 жылға қайырымдылықпен айналысу құқығынан айыруды сұраған болатын. Ал анасына – 8 жыл түрме жазасы сұралды.
Прокурор Арман Кизікеннің айтуынша, айыпталушылардың жазасын жеңілдететін ешбір жағдай анықталмаған, керісінше, жазаны ауырлататын жағдай – қылмыстың төтенше жағдай режимі кезінде жасалуы.
Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, олар қайырымдылық түрінде жиналған шамамен 3,5 млрд теңгені иемденіп, кейін бұл қаражатты заңдастырып жіберген.
Алайда айыпталушылар өз кінәсін мойындамай отыр. Перизат Қайрат бұл істі «тергеушілердің қиялы» деп атады.