Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту бағытындағы ұсыныстар талқыланды

Dalanews 11 мар. 2021 12:00 819

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының жаңадан тағайындалған төрайымы Әсел Мұхаметжанова 9-наурыз күні «Ұстаздар үйіне» келіп, Білім басқармасының қолдауымен 2017 жылы қол жеткізген ғимаратты жоғары деңгейде жабдықталғанын айтты. Басқарма басшысы «Ұстаздар үйіндегі» робототехника кабинеттерін, бейне және дыбыс жазу студиясы мен Ақпараттық коммуникация орталығының және Қазақстан Республикасындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінің тарихы туралы құнды деректерді топтастырған заманауи үлгідегі мұражайдың жұмысымен танысты.

Бұдан басқа институттың соңғы үш жылдағы атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Халықаралық қарым-қатынас жұмысының негізгі бағыттары мен атқарылған қызмет нәтижелері туралы институттың аға оқытушысы Л.Б. Петрова жан-жақты баяндады.

Бастауыш сыныпта білім беру квесттерін енгізу бойынша  эксперименттік алаңдардың жетекшісі, Институттың аға оқытушысы В.Ю.Кайдакова тәжірибе барысындағы жетістіктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Басқарма төрағасы Әсел Зейнулқызы кездесу барысында функционалдық сауаттылықты дамыту, мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы сан түрлі сауалдар талқыланып, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің жұмыс сапасын жоғары сатыға көтеруді көздейтін тың ұсыныстар қарастырылды. Нәтижеге бағытталған еңбегіміз жемісті болсын!

Рекомендовать
Последние новости