Өзбекстанмен арадағы кеден бекеттері жоспарға сай жұмыс істеп тұр

Dalanews 12 окт. 2018 09:16 874

Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының шекара аумағының көлемі 958,76 шақырымды құрайды.

Бұл өңір көрші мемлекеттің  Ташкент, Сырдария және Жизақ облыстарымен шектеседі. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша,  Өзбекстан Республикасымен шектесетін 6 кеден бекеті бар. Соның ішінде автокөлік құралдары бойынша «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» бекеттері жұмыс істесе, темір жол вагондары бойынша  2 бақылау  пункті орнатылған.

Бүгінде «Б.Қонысбаев» кеден бекеті тәуліктік режимде жұмыс атқарып жатыр. Бұл бекеттің жүк автокөлік құралдарының  өткізу қабілеті — 100 дана. Жүк көліктерін өткізу  екі жолақ арқылы жүзеге асырылады: «кіру» және «шығу».

Қазіргі таңда «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде тауар айналымы  күрт  өсті. Мәселен, 2017 жылы 13678 транзиттік декларация жасалса, биыл 20593 декларацияға жеткен.  2017 жылы 22 823 жүк көлік құралы, ал, биыл 28757 жүк көлігі өткен. Жеңіл автокөліктер саны да көбейген.

Екі жақтың кездесуінен кейін ҚР ҚМ МКК нұсқауына сәйкес «Б. Қонысбаев» кеден бекті арқылы 130 жүк автокөлігін өткізу тапсырылды.

2018 жылдың 11 қазаны түнгі сағат 01:00 де «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне кіреберіс жерде  Қазақстан Республикасы жағынан  шамаммен 200-ге жуық көлік құралы кептелісте тұрған. Бір тәулік ішінде кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына 152 жүк, 17 жеңіл көлік құралдары, яғни 169 көлік құралы өткізілді. Кеден бекетінен өтетін әрбір автокөлікті тексеруге 7-9 минут кетеді.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне және кеден бекетіне Өзбекстан Республикасы жүргізушілері тарапынан ақша бопсалау туралы арыз-шағымдар келіп түспеген.

Қазіргі таңда кеден бекетінде кезекшілікке түсу кестесі күшейтілген тәртіпке және екі тәуліктік режимге ауыстырылды. Аталған мәселе департаменттің қатаң бақылауына алынған. Сонымен қатар, тасымалдаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости