Өзбек билігі Яндекс таксиге халыққа чек беріп, мемлекетке салық төлеуді талап етті

Dalanews 09 окт. 2023 05:09 1425

Өзбекстан билігі Ресейдің Yandex.Go платформасына шектеу қоюы мүмкін. Өйткені аталған платформа көрші елдің салық органдарына тіркелместен халыққа такси мен электронды сомакат қызметін ұсынып келеді. Өзбектер осы мәселені бір жақты етуге шындап кірісті.

Айтпақшы, өзбек президенті Шавкат Мирзиеев ресми сапармен Мәскеуде жүрген кезінде – Өзбекстанның құзырлы орындары осындай қадамға барудан басқа амалы қалмағандарын жария етті.

Өз кезегінде орыстар да осындай жағдайдың орын алатынын ерте бастан біліп, өзбек басшысының Мәскеу сапары қарсаңында елдегі өзбек мигранттарын жинап, оларды жөнсіз тергеп-тексеріп, қысым көрсеткенін білеміз.

Ал орыстың пропагандистері болса Өзбекстан құзырлы органдарының Yandex.Go платформасына қатысты ескертуінен саяси астар іздеуге тырысты. Шындығында бұдан қандайда бір саяси астар іздеудің жөні жоқ.

Өзбекстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан, өз нарығына жұмыс істеп, табыс тауып жүрген кез келген компаниядан елдің салық органдарына шетелдік салық төлеуші резидент ретінде тіркеліп, тиісті салығын төлеуді талап ете алады.  


Ал орыстың компаниясы жаман үйді қонағы билейді дегендей заң талаптарын орындамай жұмыс істеуі еш ақылға сыймайды. Сондықтан өзбектердің өз елін жаман үйге айналдырмаға күш салуы өте орынды әрекет.

Бұдан басқа өзбектер Яндекс.Такси жүйесінің Өзбекстанның салық жүйесіне интеграция жасап, клиенттерге фискалды чек беруін де талап етіп отыр.

Қазақстан да Yandex.Go платформасына осындай талаптарды батыл қоятын кез келді. Біз де олардың Қазақстанды жаман үйге айналдыруына жол бермеуіміз керек. Yandex.Go платформасы қазақстандық клиенттеріне де чек беріп, салық төлеуі тиіс.

Рекомендовать
Последние новости