Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді!

Dalanews 20 дек. 2021 12:52 978

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жасырмауға шақырады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

2020 жылдан бастап елімізде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді.

Осындай ақпарат берушілерді ынталандыру жүйесі Германия, АҚШ, Ұлыбритания сияқты шет елдерде де сәтті қолданылады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК-тен аспайды, сыйақы қылмыстың ауырлығына байланысты 100 АЕК-ке дейін құрайды.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 1000 АЕК-тен астам залал келтіргені үшін сыйақы 10 пайызды құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды.

Атап айтсақ, биылғы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған 6 азаматқа сыйақы табысталды.

Сонымен, осы жылы сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн.теңгені, ал ең төмені – 138 900 теңгені құрады.

Атап өтетін болсақ, азаматтарды көтермелеу, егер хабарлаған адамның ұсынған ақпараты шындыққа сай болса, немесе құзыретті органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде көмектескен жағдайда, жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады, сонымен қатар, бұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен көтермеленіп қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Бұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне "нөлдік" төзімділікке шақырамыз. Ал ондай жағдай болғанда, бұл туралы ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 8 (7232) 29-88-88 нөміріне немесе 1424 Call-орталығына хабарлау қажет.

Өз еліңіздің патриоты болыңыз, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз!

Рекомендовать
Последние новости