«Отырар-Сүт-Ет» өндірістік кооперативі ұнтақталған шұбат өндірмекші

Dalanews 22 сент. 2023 06:59 1616

Түркістан облысы, Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жергілікті балабақшалар мен мектеп балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Қазіргі таңда  шаруашылық күніне 5000 литр түйе сүтін өндіреді. Мұнда қазір жалпы саны 12 адам жұмыспен қамтылған. Сақталу мерзіміне қарай Астана мен Алматы қалаларына жөнелтілуде. Негізгі тұтынушылар – жергілікті тұрғындар.

– «Отырар сүт ет» кооперативі сүттің майлылығын сақтай отырып, өнім дайындайтындықтан, әсіресе, шұбаттың сақталу мерзімі ұзақ емес. Енді ұжым жаңа инновация желісімен ұнтақталған шұбат өндіруді жоспарлап отыр. Түйе сүті ағзаға өте пайдалы болғандықтан, өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары, – дейді кәсіпорын төрағасы Нұрсұлтан Ахаев.

Рекомендовать
Последние новости