Орыстар Қазақстаннан кетіп жатыр. Неге?

Dalanews 23 авг. 2016 06:07 1053

 Есіңізде ме, 90-шы жылдары қазақтың рухы ерекше асқақтап тұрған. Сол тұстары ұлттық мәселе — елдегі өткір, өзекті тақырыптардың бірі еді.






 

Ширек ғасыр өткесін бұл дүние сәл саябырсыды. Әрине, бірінші кезекте Президенттің арқасында. Қазақ пен қазақтың жерін мекен еткен өзге ұлттарды бір жұдырыққа жұмылдыра алған Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде татулығы мен тұрақтылығы сақталған мемлекет құрды.

Дәл қазір Қазақстан еліміздегі көптеген ұлт өкілдері үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ел». Енді ше, өзіңіз алып қараңыз, Қазақстанда қазақ мектептерімен қатар өзбек, ұйғыр, украин мектептері бар. Әр ұлт өз алдына ұлттық-мәдени орталығын құрып алған.

Бұл нені білдіреді? Бұл еліміздегі әрбір азамат тең құқылы деген сөз. Еліміздегі ешбір ұлт өкілдері ешнәрседен кемістік көріп отырған жоқ. Солай.
Соған қарамай, елдегі орыстілді қауым Қазақстаннан көшіп жатыр. Неге? Не болды екен?

Әрине, әрбір отбасының елден көшкен кездегі өз себебі бары түсінікті. Бірақ, тереңіне үңілсек орыстілділерге Қазақстаннан көшуге екі нәрсе түрткі болып отыр. Сіз тыңдаңыз. Біз айтайық.

Алғашқысы. Қоғамда қазақ тіліннің рөлі артып келеді. Қазақшалап айтсақ, мысы басып барады. Тіл ғана емес,
осы елдің, осы жердің қожайыны саналатын қазақтың саны өсуде.

Қазірдің өзінде қазақтардың саны 70 пайызға жақындап қалды. Тәуелсіздіктің елең-алаңында бұл көрсеткіш 50 пайызға да жетпейтін.

Бұл нені білдіреді? Орыстілді қауымға жақпаса да айтайық,
Қазақстан ұлттық мемлекетке айналып келе жатыр. Бір ғана ұлт тұратын, бір ғана ұлт мекен ететін…

Әрине, алаңдатады. Еліміздегі орыстілді азаматтар алаңдайды бұған. Себебі, осы уақытқа дейін мемлекеттік тілді меңгермеген олар. Осы себепті ертеңін ойлайды. Өзінің ғана емес, балаларының да…

Мәселе неде? Ұлттық мемлекетке айналып келе жатқан Қазақстанда орыстілді қауымға тек екі жол бар.
Бірі – қазақпен сіңісу, оның тілін меңгеру, ділін түсіну. Екіншісі – көшу.

Бұдан кейінгі себеп – Украинадағы оқиғалар. Оның ішінде Донбасс.

Еліміздегі орыстілді қауым Ресей Украинадағы әрекетін қайталап, өзінің «орыс әлемін» идеясын Қазақстанға тықпалар болса, «екі түйенің ортасында шыбын өледінің» тағдырын қайталаудан қатты қорқады.

Себебі, олар Донбасстағы жағдайды естіп, біліп отыр. Олардың екі оттың ортасында қалғысы жоқ.
Қазақстанда қалу немесе Ресейге көшу. Оларға соңғысын таңдаған тиімді.

Автор, Серік Мәлеев. 

Дереккөз: kaz.365info.kz



Рекомендовать
Последние новости