«Ордабасы нан» шетелге өнім экспорттауда

Dalanews 23 окт. 2017 10:25 805

Ордабасы ауданында "Ордабасы нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп келеді.



Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға , ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген. Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен дирімен құрылысын ұлғайтып, Түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатты.

Осылайша тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірменді іске қосты. Бұл жобаның инвестициялық құны 470 млн теңгені құрады, өз қаржысы 280,0 млн.теңге болса, қалғанын «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өндіріс-2» желісі бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзімге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы несие ретінде берілді.

Бүгінгі таңда "Ордабасы нан" өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспорттауда. Серіктестік директоры Бауыржан Сапарымбетовтың мәлімдеуінше, бүгінде диірменде 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.

 

https://dalanews.kz/31285

Рекомендовать
Последние новости