Оралда “Спорт күні” аясында үздіктер марапатталып, спартакиада өтті

Ақтоты Жапатова 15 авг. 2025 16:40

2025 жылғы 12–14 тамыз күндері Орал қаласында Қазақстан Республикасы «Спорт күні» мерекесіне арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке аясында спорт саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, ашық қалалық спартакиада ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

12 тамыз күні «Спорт күніне» орай аудандық және қалалық спорт бөлімдері мен спорт клубтары қызметкерлері арасында ІІ ашық қалалық спартакиаданың ашылуы өтті.

Спартакиаданың ашылу рәсімінде Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асхат Исанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысқан командалар:
🔹 Ақжайық ауданы
🔹 Бәйтерек ауданы
🔹 Бөрлі ауданы
🔹 Жаңақала ауданы
🔹 Қаратөбе ауданы
🔹 Теректі ауданы
🔹 Шыңғырлау ауданы
🔹 “Орал” спорт клубы

Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Бөрлі ауданы (164 ұпай)
🥈 II орын – Жаңақала ауданы (160 ұпай)
🥉 III орын – Шыңғырлау ауданы (154 ұпай)

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

14 тамыз күні «Орал» спорт клубының “Арқанды саябақ” туристік базасында спорт саласының үздіктерін марапаттау кеші ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, қалада бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген жаттықтырушыларды, спорт журналистерін және белсенді жанашырларды марапаттады.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болатбек Сәбитов, қалалық спорт бөлімі басшысы Асхат Исанов және “Орал” спорт клубының директоры Олжас Гилымов үздіктерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Салтанатты жиын мерекелік дастарханмен жалғасып, қатысушылар бейресми жағдайда еркін пікір алмасып, достық қарым-қатынасты нығайтты.


Рекомендовать
Последние новости